Ақтөбеде бес күн бойы жүрген Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған еліміздің драма театрларының ХХI республикалық фестивалі мәресіне жетті. Қазақтың белгілі жазушысы, драматургі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері Тахауи Ахтановты мәңгі есте қалдыруды, елімізде театр өнерін насихаттауды, дәстүрлі театр өнерін дамытуды, дарынды әртістер мен режиссерлерді ынталандыруды, қазіргі заманғы сахна өнеріндегі жаңа бағыттарды анықтауды мақсат еткен фестивальға қатысқан еліміздің он жетекші драма театры қазақстандық авторлар М.Әуезовтің, Б.Соқпақбаевтың, О.Бөкейдің, Т.Ахтановтың, Ш.Мұртазаның, Иран-Ғайыптың, Қ.Ысқақовтың, С.Асылбекұлының, Д.Жұмабаеваның және О.Марктің қойылымдарын қазылар талқысына, көрермендер көңіл таразысына ұсынды. Фестивальдің жабылу салтанаты алдында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған мәдени шараның күнделігі туралы фото-бейнематериалдар көрсетілді. Салтанатты сәтке жиналғандар алдында «Достық сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті.

Қазылар алқасы мен көрермендер көңілінен шығуға бар шеберліктері мен ізденісін салған театр әртістерінің өнері бұл жолы номинациялар бойынша бағаланды. Облыстық мәдениет басқармасы тағайындаған «Көрермендер көзайымы» сыйлығына Николай Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрының әртісі Ирина Полещук ие болды. Әйтеке би ауданы әкімдігі тағайындаған «Үздік режиссерлік дебют» номинациясы бойынша «Время –это птица» премьерасын қойған Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры орыс труппасының жас режиссері Балтабек Нұрғалиев жеңімпаз атанды. «Актерлік дебют» номинациясында Бикен Римова атындағы Талдықорған облыстық драма театрының актері Еркебұлан Айдынбаевтың, ал, «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» номинациясында да осы театрдың актері Сағындық Жұмәділдің бағы жанып, мерейі үстем болды. «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының актрисасы Дина Зайтова биіктен көрінді. «Үздік жастар бейнесі» номинациясында Астана қаласының жастар театры жеңімпаз болды. «Ұлттық мінезді лайықты ұлықтағаны үшін» номинациясы бойынша Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры үздік деп танылды. Ал, тарихи тақырыпты Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының сәтті сахналағаны айтылды. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ театрының өнер шеберлері «Үздік актерлік ансамбль» деп танылды. «Осы заманғы тақырыпты үздік игергені үшін» номинациясы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысының әкімі сыйлығына Тахауи Ахтановтың «Ант»пьесасын сахналаған Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры ие болды.
Жеңімпаздарға мерейтой иесі Тахауи Ахтановтың бюсті мен Ақтөбе туралы кітап сыйға тартылды, жеңімпаздар сондай-ақ, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.