Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Жұмабек Төрегелдинов Женевада өтіп жатқан Парламентаралық Одақтың 129-шы Ассамблеясының жұмысына қатысуда.

Күн тәртібіне сәйкес, қатысушылар Ассемблеяның Президенті мен вице-президентін сайлайды, парламентшілердің ядролық қарусыздану үдерістеріндегі қызметіне, балалар құқықтарын қорғайтын өкілетті органдардың рөлі мен оларды соғыс және қақтығыстар жағдайында пайдалануға жол бермеуге байланысты мәселелерді талқылайды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің атынан Ассамблеяға Мәжіліс депутаттары Майра Айсина мен Нұртай Сабильянов та қатысуда, деп хабарлады, Парламент Сенатының баспасөз қызметі.