• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Көкшетауда қоғамдық көліктердің қатынасына шектеу қойылды

129 рет
көрсетілді

Өңірде карантин шаралары күшейтілді және оғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz

Қазір автобустар белгілі бір уақыттарда ғана қатынайды. Тұрғындар санитарлық талаптарды қатаң сақтаулары тиіс. Осы шектеулер мен талаптар қаншалықты орындалып жатыр? Адамдардың шоғырлануын барынша азайту қажет болып тұр. Соңғы уақытта қала тұрғындары мен қонақтары індеттің қаупін ескермей, қоғамдық көліктерде сақтану құралдарынсыз жүретін фактілері жиілеп кетті,–дейді облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Көкшетауда жолаушылар тасымалдайтын 130 автобус бар. Бүгінде соның тең жартысы, яғни 75 автобус маршруттарда жүр. Алдағы уақытта жағдай тұрақталса, барлық қоғамдық көліктердің жұмысы жанданады. Қауіпті кесел мүлдем өршіп кетсе, онда қоғамдық көліктердің қатынасы мүлдем тоқтатылуы мүмкін.