Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері отандасымыщ Геннадий Головкин келесі кездесуіне дайындық жұмыстарын бастады. Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта Головкин Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында дайындыққа кірісті. Отандасымыз Джонатан Бенкстің қол астында жаттығуда. Сонымен қатар қазақстандық боксшымен бірге жартылай ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Баду Джек те дайындық өткізіп жатыр.
Головкиннің шаршы алаңға шығатын нақты уақыты әлі белгіленген жоқ. Дегенменде ол кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін полшалық Камил Шереметамен өткізуі мүмкін.