Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған жеделхатында Тұңғыш Президент − Елбасының тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
"Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен қабыл алдым. Алла тағалам шипа беруін тілеймін. Әрдайым жеңіспен еңсерген күрестеріңіз сынды бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін. Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда табылатынымызды жеткізгім келеді. Сізге деген ізгі құрмет пен сүйіспеншілік сезімін жеке өзімнің және барша түрік халқының атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін!", делінген жеделхатта.