• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2010

НҰРОТАНДЫҚ БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

540 рет
көрсетілді

Кеше Ақтауда “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы құрамындағы бастауыш партия ұйымдар өкілдері­нің 1-форумы болды. Онда облыс әкімі, “Нұр Отан” ХДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев “Нұр Отан” ХДП Халықтық тұғырнамасын іске асырудағы бастауыш партия ұйым­дары­ның міндеттері туралы баян­дама жасады. Филиал төрағасы Ел­басы­ның “Жаңа онжылдық – жаңа эконо­микалық өрлеу – Қазақстан­ның жаңа мүмкіндіктері” атты Жол­дауын жүзеге асыру, оның мән-мағынасын халыққа кеңінен түсін­діру әрбір нұротандық­тың, әрбір бастауыш партия ұйымы­ның жіті назарында болуы керектігіне тоқтал­ды. Және де өңірдегі 25 мыңға тарта мүшесі бар 273 бас­тауыш партия ұйымының атқарып отырған ауқым­ды жұмыстарын тілге тиек етті. Форумда “Нұр Отан” ХДП Пар­­тиялық бақылау комитеті төраға­сының орынбасары Оңалбек Сәпиев сөз сөйлеп, осындай бас қосулардың партия беделін арттыра түсетіндігін айтты және алдағы ауқымды жұмыс­тарды жаңа сатыға көтеру жолдары жайлы әңгімеледі. Басқосу­да партия­ның Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Хайруллаев, “Қара­жан­басмұнай” бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Түсіпов, т.б. сөйледі. Ал партияның Ақтау қалалық фи­лиалы “Алатау” бастауыш ұйы­мы­ның жас мүшелері З.Назурова, А.Коро­лева, Е.Ким, А.Оспанова, А.Серік­баева болса өздерінің тәуелсіз Қазақ­станға, Елбасына, ел мен жерге деген ыстық лебіздерін өлең жолдарымен жеткізді. Одан соң әрбір аудан, қалада өткізілген байқаулар қорытын­дысы бойынша ең үздік бастауыш партия ұйымдарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Форумның екінші бөлімінде екі секция жұмыс жасап, бастауыш партия ұйымдары жұмысын одан әрі жетілдіру, партия беделі мен белсенділігін арттыра түсу жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Жоламан БОШАЛАҚ. АҚТАУ. ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ Кеше “Нұр Отан” ХДП Қос­танай облыстық филиалының кезектен тыс Х конференциясы болып өтті. Конференция алдымен “Нұр Отан” халықтық-демократия­лық партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің құрамынан шық­қан­дардың орнына екі мүшені қай­тадан қабылдады. Сонымен қатар “Нұр Отан” ХДП облыстық фи­лиалы­ның бұрынғы төрағасы Ғ.Сағиевтің басқа жұмысқа ауысуы­на байланысты саяси кеңес бюросы оның орнына жаңа жетекші сайлады. “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы болып Серік Бектұрғанов сайланды. Ол облыс әкімінің орынбасары болып қызмет істейді. – Серік Шыңғысұлы облыс идеоло­гиясын басқарып отыр, сон­дықтан “Нұр Отанның” жер­гілікті жердегі жұмыстарын да шебер үйлестіріп әкетеді деген сенім­демін, – деді партия филиалының жаңа төрағасын құттықтаған облыс әкімі Сергей Кулагин. Кезектен тыс конференцияға “Нұр Отан” ХДП хатшысы Сергей Громов қатысты. – ­Президент алға қойған мақ­саттарды партия бағдарламасынан бөліп қарауға болмайды. Қазірде “Нұр Отанның” қоғамдық қабыл­дауларына адамдар көп баратын болды. Бұл олардың партияға деген сенімін көрсетеді. Қоғамдық қа­был­дауға келген әр адамның өтіні­шін, арыз-шағымын мұқият қарап, оның орындалуына, нәти­жесінің болуына күш салуымыз керек, – деді Сергей Николаевич. Сонымен қатар, партия хатшысы барлық мәсли­хаттардағы “Нұр Отан” пар­тия­сы фракциясы жұмысының жан­дануын және депутаттар бел­сен­ділігінің артуын да партиялық тапсырманың бірі ретінде қарады. Ал еліміздегі мәслихаттар депу­тат­тарының 95 пайызы – нұр­отан­­дықтар. Сондықтан депутаттар фракциясы қуатты резерв болып табылады. Партияның Қостанай об­лыстық филиалының жаңа төрағасы Серік Бектұрғанов өзіне сенім артқан нұротандықтарға алғыс айтты және алдағы уақытта облыстық филиал игілікті жұмыс­тардың орталығына айналатынына сендірді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. ҚОСТАНАЙ.