• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2020

Оралда сарбаздар қарияларға азық-түлік таратты

154 рет
көрсетілді

Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімде әскери борышын өтеп жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлері өз үйінде оқшауланған жалғызбасты қариялардың үйіне азық-түлік таратты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде коронавирус пандемиясының қайта күшеюіне байланысты жасы 65-тен асқан қариялар көшеге шығудан, қоғамдық орындарға барудан бас тарту туралы эпидемиолог мамандар жиі айтады. Мұндай жағдайда әсіресе жалғызбасты жандарға көмек керек-ақ.

Міне, оралдық жауынгерлер де "Біз біргеміз!" қайырымдылық шарасы аясында жергілікті Қызыл Жарты ай қоғамымен бірге Орал қаласында тұратын қарияларға әлеуметтік көмек көрсетті. Сарбаздар бір күннің ішінде 30 адамның үйіне ұн, жарма, ет, сүт өнімдері, қант және басқа аса қажетті тауарларды жеткізіп берді.

5517 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жәнібек Сәрсеновтің айтуынша, бұл акцияға қатысатын жауынгерлер арнайы іріктеліп, денсаулығы тексеріліп, қызуы өлшеніп, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіліп жіберіледі екен. Ең бастысы, көмекке мұқтаж егде тұрғындар назардан тыс қалмауы керек. "Мұндай үрдіс алдағы күндерде де жалғасады", дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтанов.