• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Маусым, 2020

ДДҰ басшысы әлем пандемияның қауіпті жаңа кезеңіне өтіп жатқандығын ескертеді

213 рет
көрсетілді

Кеше ДДҰ 150 мыңнан астам жаңа COVID-19 оқиғасы туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта бұл күнделікті ең жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды  Egemen.kz  ұйымның сайтына сілтеме жасап. 

ДДҰ басшысының мәліметінше, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыста ауру жұқтырған адамдардың саны күрт өскен. Бұл пандемияның ең қауіпті сатысында тұрғанымызды көрсетеді.

ДДҰ өкілі адамдар да, экономика  да  "демалудан"  шаршай бастағанын, ал мемлекет басшылары экономиканың күре  тамырына қан жүгірту  үшін  экономикаға есік ашуға асығып жатқанын да тілге тиек етіп өтті.  "Бірақ вирус әлі де тез таралуда, ол әлі де қауіпті және адамдардың көпшілігі вирустың алдында әлсіз", -  деп атап көрсетті ДДҰ басшысы.