• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Маусым, 2020

Алматыда 2 мыңнан астам полиция қызметкері карантин режимінің сақталуын бақылап отыр

196 рет
көрсетілді

Алматы полициясы халық көп жиналатын жерлердегі сақтық шараларын қамтамасыз ете үшін қала аумағын қадағалауды күшейтті. Бұл іске 2 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жұмыс қаланың барлық аудандарында жүргізілуде. Мысалы, Түрксіб ауданында адамдар көп жиналатын орындарда белгіленген шектеу шараларының сақталуын бақылау үшін полицияның жаяу патрульдік қызметінің 11 тобы ұйымдастырылды.

Азаматтардың жаппай жиналатын орындарын: саябақтарды, скверлерді, жағалауларды, сауда-ойын-сауық орталықтарының маңайларын және т.б. патрульдеуге баса назар аударылуда. Сонымен қатар, халықпен түсіндіру жұмыстары жанданды. Қала тұрғындарына санитарлық және гигиеналық нормаларды қатаң ұстануды, міндетті түрде медициналық маскалар киіп, әлеуметтік қашықтықты ұмытпауды ұсынады.