• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 22 Маусым, 2020

«Халықтық бақылау» жобасына қосылды

574 рет
көрсетілді

Қазақстанның жеті өңірінің 36 кәсіпорны «Халықтық бақылау» жобасына қосылды, оның негізгі мақ­саты өндірістегі қауіпсіздік техни­касы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақы­лау­ды күшейту болып табылады.

«Халық бақылаушылары» ретін­де кәсіпорындарға мүм­кін­діктері шектеулі, соның ішінде жалпы аурулар бойынша мүмкіндіктері шектеу­лі адамдарды тартады. Бейнеба­қы­лау жүйесінің көмегімен олар өндіріс­тегі барлық қауіпсіздік ере­желе­рінің бұзылуын ауысым бойынша қада­ғалайды. Бұл қауіпсіз еңбек жағ­дайларын қамтамасыз ету үшін қа­жет­ті шараларды уақтылы қабылдауға, ал жұмыс берушілер үшін мүге­дектерді жұмысқа орналастыру бойынша квотаны пайдалануға мүмкіндік береді.

Өңірлер бөлінісінде «Халық­­тық бақылау» жобасына­ Шымкент қаласында 12 кәсіп­орын, Маңғыстау облысында 7 кәсіпорын, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 5 кәсіпорыннан, Павлодар облысында 4, Қызылорда облысында 2 және Қостанай облысында 1 кәсіпорын қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Халық­тық бақылау» жобасы 2019 жылғы ма­мыр айында Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына барған кезде «Қазхром» ТҰК» АҚ ферроқорытпа зауытында таныстырылды. Кез­десу қорытындысы бойынша Президент аталған жобаны еліміздің басқа да кәсіп­орындарына енгізу мүмкін­дігін қарастыруды тапсырған болатын.