• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Маусым, 2020

Медицина қызметкері күнімен құттықтады

174 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің денсау­лық сақтау саласының өкілдерін Медицина қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан құттық­тауды өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялады.

«Мәжіліс депутаттары атынан медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құт­тық­таймын! Бүгін өзім аурухана­да ем қабылдап жатқанда, дәрігерлер мен медбикелердің індетпен күрес­кеніне куә болдым. Сіздер­дің еңбектеріңізді бағалай­мыз! Баршаңызға зор денсау­лық және амандық тілеймін!»  деп жазды Мәжіліс Төрағасы.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Медицина қызметкерінің күні бүгінгі таңда нағыз жалпы­халықтық мерекеге айналды. Әрбір дәрігердің халықтың денсау­лығын қорғау жолындағы қосқан үлестері орасан зор.

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстан­дық­тардың дендеріне саулық және амандық тіледі.