• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2020

Балаңыз терезеден құлап кетпес үшін не істеу керек?

431 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Павлодар облысында биылғы жыл басынан бері облыс  орталығында 4-5 тер шамасындағы 4 бала, Екібастұз қаласында 2 бала тұрғын үйлердің бесінші қабатының терезесінен құлап кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс  оқиғалардан құдай сақтап, аман қалған балалардың жағдайы қазір жақсы, екеуі  ауруханадан емделіп шығыпты.

Осындай оқыс  оқиғалар болмас үшін департаменттің Азаматтық қорғау саласы басқармасының мамандары көп қабатты тұрғын үйлер терезелерінен балалардың құлауының алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Рейд барысына басқарма мамандарымен бірге еліміздегі "Қызыл Ай" қоғамдық бірлестігіоблыстық филиалы  қызметкерлері, волонтерлерқосылды.

Облыс орталығындағы тұрғын үйлер ауласындағы балалардың ойын алаңдарын аралау кезінде басқарма мамандары Айнұр Асқарова мен Әсем Әбілқасова еріктілермен бірге ата-аналармен әңгіме өткізуде.

Мамандар "балалар терезеден құлап кетпес үшін үйден жалғыз  қалдырмаңыздар" деп оларға ескертпе- жадынамалар табыс етті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды терезелердің жанындақараусыз қалдырмауды ескертеді, терезелерге арнайы торлар мен блокираторлар орнатуды ұсынуда.  

Павлодар облысы