• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Маусым, 2020

Ешкімнен жеңілмеген күйі үлкен спортпен қош айтысты

1160 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокстан WBC нұсқасы бойынша аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы 34 жастағы Ванхенг Менайотин былғары қолғабын шешеге ілгені жайында ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Таиландтың тастүлегі 2007 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасуда. Алашқы кездері өз елінде, бертін келе аймақтық және құрлықтық деңгейдегі додаларда өнер көрсеткен ол уақыт оза аса ірі халықаралық жарыстарға қатыса бастайды. 2014 жылдың күзінде Ванхенг Мексиканың мықтысы Освальдо Новоны жеңіп, жоғарыда аталған белді нұсқаның алтын белбеуін иеленеді.

Кәсіпқой рингте 54 кездесу өткізген Ванхенг Менайотин соның барлығында жеңіске жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш! Ол, тіптен, атағы жер жарған америкалық Флойд Мейвезердің өзін басып озды. Тай боксшысы 18 бәсекеде айқын басымдық танытты. Осылайша, оның есімі жеңілмеген күйі шаршы алаңмен қош айтысқан санаулы ғана боксшылардың бірі ретінде тарихта қалды.