Саналы ғұмырын жас ұрпақтың сапалы білім алуына арнаған білікті ұстаз Құсиын Айтқалиев биыл 90 жасқа толар еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол 1930 жылы дүниеге келген. Атырау мұғалімдер институтын бітірген. 1950 жылдан бері Махамбет ауданындағы бірнеше мектепте ұстаздық жолын жалғастырды. Алдымен Құлтай жетіжылдық мектебінде еңбек жолын бастаған. Кейін 1956-1958 жылдары Талғайраң орта мектебінің директоры, 1958-1970 жылдары Алға орта мектебінде директордың орынбасары, 1995 жылға дейін директоры болған.
Ол 1962 жылы Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, 1967 жылы Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі, КСРО Жоғарғы Советі Президиумының 1980 жылғы 18 мамырдағы Жарлығымен "КСРО Халық мұғалімі" атанған. "Еңбек Қызыл Ту", "Парасат" ордендерімен марапатталған.
Сондай-ақ, ұзақ жылғы педагогикалық еңбек жолында Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс медалін, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгіні иеленді. Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің атаулы мектебінің жетекшісі болды. Сондай-ақ, 5-ші сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығының авторы еді.
Атырау