• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2020

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырушылар көбеюде

561 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, №2 облыстық ауруханада 200-ге жуық науқас емделіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ауруханадағы  инфекциялық стационар  180 кереует бар. Қазір орынның жетіспеушілігі туныдап отыр. Сол себептен, Махамбет ауданының  туберкулез ауруханасында 100 орындық инфекциялық бөлімше ашылды.  Бұл бөлімшеге ауруы жеңіл ағымда өтіп жатқан 15-20 науқас жіберілетін болады.  

"Жұмыс күшейтілген режимде  жүргізілуде.  Соған қарамастан, медицина қызметкерлері барлық науқастың жағдайын қадағалап, ем жүргізіп жатыр.  Науқастардың  арасында жағдайы ауыр пациенттер бар.  Біз оларды реанимация бөлімшелеріне және инфекциялық стационарға жібереміз.  Барлық дәрігер әдеттегідей жұмыс істейді. Аудандарда дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуде", - деді  Нұрлыбек Қабдықапаров.

Бүгін Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 38 адам тіркелді. Оның 33-і Атырау қаласының тұрғындары болса, өзгелері Исатай, Индер және Махамбет аудандарынан анықталып отыр.

Жалпы, өңірде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 1440-қа жетті. Оның ішінде 1095 пациент жазылып шыққан.