Ресейдің көршілеріне қояр территориялық талабы жоқ, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.Бұл туралы ақпаратты ТАСС-қа сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
"Жоқ, Ресейдің өз көршілеріне қояр территориялық талабы жоқ", деген ол қадап тұрып.Сөйтіп Песков Ресей президентінің "Россия 1" телеарнасында жүрген "Россия. Кремль. Путин" деректі фильміндегі мәлімдемесіне қатысты осылай деп жауап берген. Фильмде президент Кеңес Одағының ыдырауына түсініктеме жасай келе бұрынғы одақтық республикалаларға одақ құрамынан шығар кезде КСРО құрамына кірген кезде қанша аумағы (территориясы) болса, соншама аумақпен шықаны жөн болатындығын атап көрсеткен."Міне, сол кезде (КСРО-ға қосылған республика) немен келсе, сонымен шыққан жағдайда ғана орыс халқынан сыйлық алып кетпеген болар еді" деген Путин.