• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №346

481 рет
көрсетілді

2013 жылғы 16 тамыз Астана қаласы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

2013 жылғы 16 тамыз Астана қаласы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Бұйырамын:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7613 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы №274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес елдер бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларында:

1-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-жолмен толықтырылсын:

«

39

Сербия респуб-ликасы

680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес

680 АҚШ долларына

балама сомадан

артық емес

     

680 АҚШ долларына

балама сомадан

артық емес

 

».

2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М.Тулеков):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы М.ОРЫНХАНОВ

–––––––––––––

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8661 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар