• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:34

Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Ішкі істер министрлігі өнеркәсіп саласындағы қылмыстардың жолын кесу және бизнестің мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейтті. Соның нәтижесінде Қарағанды облысында ірі өндірістік кәсіпорында әрекет еткен қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.

27 сәуір күні полиция қызметкерлері «Qarmet» АҚ аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Тергеу барысында күдіктілердің жасырын алаяқтық схемаларды қолданғаны анықталды. Олар кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қасақана көтеріп көрсеткен.

Осы әрекеттердің салдарынан кәсіпорынға келтірілген шығын көлемі шамамен 190 млн теңгені құрады. Қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды – олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары.

Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды

Тінту шаралары барысында ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ІІМ мәліметінше, қабылданған шаралар қалақұраушы кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Өнеркәсіп саласындағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды

Соңғы жаңалықтар