• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 23 Маусым, 2020

Мемлекет басшысы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді

458 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз біргеміз" онлайн-форумында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Құқық қорғау органдарының да еңбегін ерекше атап өткім келеді. Елдегі тәртіп сақшыларына аса маңызды міндет жүктеліп отыр. Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық полицияның мінсіз қызметіне байланысты. Сіздер күрделі төтенше жағдай кезеңінен абыроймен өттіңіздер. Бүгінде карантин шараларының сақталуын қадағалап, бекеттерде қызмет етіп келесіздер. Бұл оңай жұмыс емес. Тіпті қоғам өкілдері тарапынан сынға ұшыраған кездеріңіз де болды.

Әрине кәсіби тұрғыдан біліксіздік танытқандар да болды. Осындай жекелеген жағдайлар бүкіл құқық қорғау органдарының беделіне зиян келтіреді. Дегенмен тәртіп сақшыларының басым бөлігі адал қызмет етіп жатқан азаматтар. Бұны ешкім жоққа шығара алмайды.

Осы ретте ІІМ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Мемлекеттік қызметшілердің және ақ халатты абзал жандардың төл мерекелері құтты болсын. Отан алдындағы сертке берік болғандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын", - деді Президент.