• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Маусым, 2020

Әскери-әуе күштері жаңа жауынгерлік тікұшақтармен толықты

588 рет
көрсетілді

Қарулы Күштерде жүргізіліп жатқан қайта жарақтандыру аясында су жаңа төрт Ми-35М көпфункционалды тікұшағы еліміздің батысындағы Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасына келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі, - деп жазады Egemen.kz

Жоғары ұшу-техникалық сипаттамалары бар Ми-35М әртүрлі метеожағдайларда тиімді қолдануға мүмкіндігі бар. Негізгі аталмыш функцияларынан басқа Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, науқастар мен жараланғандарды медицина қызметкерінің еріп жүруімен тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам тікұшақтардың осы түрлеріне теориялық және практикалық қайта оқытудан өтті.

Айта кетейік, тікұшақтарды жеткізу Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен "Рособоронэкспорт" кәсіпорны арасындағы шарт шеңберінде жүзеге асырылды.