• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Медицина 23 Маусым, 2020

Ер адамдар коронавируспен күресте донор бола алады

865 рет
көрсетілді

Әлемді дүрбелеңге салған пандиямияны емдеу бойынша әртүрлі вакциналарды ойлап тауып жатыр. Англия зерттеушілерінің мынадай қызық ақпаратымен бөліспекпіз. Коронавирусқа шалдыққан ер адамдардың қанынан плазманы емдік зерттеулерде қолдану үшін кеңес береді. Бұл туралы BBC News  агенттігіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Зерттеулер көрсеткендей, ер адамдар әйел баласынан қарағанда тез ауруға бейім болып келеді және олар көп мөлшердегі антиденелерді бөледі.

Өйткені ер адамдардағы қан плазмасы өмірді сақтап үшін пайдасы мол екендігін ағылшын зерттеушілері жарыса айтып жатыр.

NHS орталығы қанға трансплантация жасау арқылы, көмек бере алатындықтарын атап өтті. Егер сынақ нәтижелері сәтті өтсе, плазманы ауруханада емдеуге қолдануға болады.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап орталықтың зерттеушілері, індеттен тірі қалғандардың қан плазмасын тапсыруларын сұрайды. Ал мамыр айының ортасына дейін 600-ге жуық адам өздерінің плазмаларын қайырымдылыққа берген. Ерлердің қайырымдылыққа жіберген 43%-ы антиденелердің жоғары деңгейіне ие болса, ал әйелдер қауымынан тек 29% -ды құраған.

Антидене деңгейі көбінесе егде тартқан қарт адамдарда және азиялық емделуші науқастарда кездескен. Бұл жағдай COVID-19 емдейтін ауруханалардың емделушілерінен табылған.