Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифингте қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы жан-жақты баяндай келе, бастапқы тест теріс нәтиже көрсетсе де, індет белгілері бар науқастарды арнаулы хаттамаға сәйкес емдей беретіндігі туралы мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
"КВИ-дің қауіпті және жиі асқынып жатқан түрінің бірі – пневмония болып тұр. Пациенттің жағдайын бағалау үшін өкпенің КТ уақытылы жүргізілуі қажет. Осыған байланысты, біз КТ қызмет көрсетушілерінің тізілімін жасадық, емханалар КТ орындайтын мемлекеттік және жеке меншік ұйымдармен шарттар жасады. Қала бойынша аталған қызмет көрсетушілер саны – 12. КТ қызметтерін жеткізушілер коронавирустық инфекция диагнозы расталған пациенттерді қабылдау жұмыстарының бөлек кестесін және ауру белгілері ұқсас пациенттер үшін жеке уақытты анықтады. Сондай-ақ, үш ай ішінде КТ аппаратын ҚБЖАА-ға және ЖШМККА-ға жеткізу күтілуде, бұл осы зерттеуге қолжетімділікті арттырады.Дәрігердің жолдамасынсыз, сәулелік жүктеменің жоғары болуына байланысты КТ зерттеулерін жүргізу ұсынылмайды", деді қаланың Бас дәрігері.
Алматыдағы зертханалық диагностикалау жағдайына келетін болсақ: "Біздің бірқатар зертханаларымыз түрлі себептермен уақытша істен шықты. Осы аптада жұмыс жаңартылатын болады, сондай-ақ Болат Өтемұратовтың қоры сыйлаған мобильдік зертхана пайдалануға беріледі. Зертханалардың істен шығуы қоғамда белгілі бір резонанс тудырды. Бірақ, пациенттерде тест нәтижесі індет жұқтырмағанын көрсеткеніне қарамастан, коронавирусқа ұқсас клиникалық белгілер көрініс тапқан жағдайда, біз диагностикалау мен емдеудің жаңа клиникалық хаттамасына сәйкес, тестілеу нәтижесін күтпестен емдеуді бастаймыз. Бұл емдеу процесін бақылауға және дерттін өршітіп алмауға мүмкіндік береді. Болашақта осындай іркілістерді болдырмау үшін жеке жеткізушілерді тарту арқылы ағымдағы қуаттарды арттыру және жаңа зертханаларды ашу мәселесі пысықталуда", деді Камалжан Надыров.
АЛМАТЫ