• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Маусым, 2020

Пандемия кезіндегі панасыздық (Әлемдегі балалардың жартысы зорлық-зомбылықтан зардап шегуде)

234 рет
көрсетілді

Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ Балалар қоры, ЮНЕСКО, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілі және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі жаһандық серіктестігі жаңа баяндаманы – 2020 жылғы Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы жаһандық есепті жариялады.

«INSPIRE» бағдарламасы аясын­да­ғы 155 елде қол жеткізілген нәтижелер ту­ралы алғашқы есеп – балаларға зор­лық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет етудің жеті стра­те­гиясының жиынтығы деуге болады. Баяндаманың нәтижелері барлық елде осы стратегияларды іске асыруды күшей­тудің қажеттілігін дәлелдейді.

ДДҰ бас директоры, доктор Тедрос Адханом Гебрейюс: «Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа ақтау жоқ. Оның алдын алуға арналған ғы­лы­ми негізделген шешімдер бар, оны барлық елдерге қолдануға кеңес бе­реміз. Балалардың денсаулығы мен амандығын сақтау біздің қазір­гі және болашақтағы ұжымдық денсау­лы­ғы­мыз бен амандығымызды қор­ғау­да маңызды рөл атқарады», деді.

Жаңа баяндамаға сәйкес, әлемдегі балалардың жартысы немесе жылына шамамен 1 млрд бала жарақат алуға, мүгедектікке және өлімге әке­ле­тін физикалық, жыныстық немесе психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, өйткені көптеген елдер оларды қорғаудың белгіленген стра­­те­гияларын ұстанбай отыр. Кез келген дағ­дарыс немесе төтенше жағ­дай ба­лаларға қатысты зорлық-зом­бы­лық жағдайын нашарлатады, оны COVID-19 пандемиясы кезіндегі жағ­дай көрсетіп отыр.

«COVID-19 пандемиясымен және соған байланысты мектептердің жабылуы кезінде біз интернеттегі зорлық-зомбылық пен жеккөрушіліктің, оның ішінде қорлаудың өршуін бай­қа­дық. Енді мектептер қайта ашыла бастағанда, балалар мектепке ора­лу­ға қатысты алаңдаушылықтарын біл­діруде. Мектептердің қауіп­сіздігін қам­та­масыз етуге бәріміз бір­дей жау­ап­тымыз. Мектептегі және жалпы қоғамдағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігіп әрекет етуіміз керек», деді ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азулай.

Қазақстан Үкіметі халықаралық серіктестермен және азаматтық қоғам ұйымдарымен бірлесіп, балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен кү­ре­су­ге қаражат бөледі. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсету, балаларға қатысты жы­ныстық зорлық-зомбылыққа қыл­мыстық жауапкершілік және бала­ларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлау тетіктері үшін заң­на­ма күшейтілді. Патронат медби­ке­лердің отбасылық сапарлары жүйе­сі балаларға қатысты зорлық-зом­бы­лық­тың алдын алуға және оны жоюға бағытталған. Сонымен қатар интернат типіндегі жабық мекемелерде тұратын балалардың құқықтарының сақталуын бақылаудың тәуелсіз жүйесі енгізілді. Биыл бала құқығын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерді шешу бо­йынша 2020-2023 жылдарға арналған кешенді Жол картасы қабылданды.

«Біз Қазақстан Үкіметінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою бағы­тындағы ілгерілеушілігін қол­дай­мыз. COVID-19 пандемиясы үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу және балалардың құқығын қорғау қажет­тілігін күшейтті. Карантин және мек­теп­терді жабу оны шұғыл тап­сыр­маға айналдырды. Балаларға қатыс­ты зорлық-зомбылықты тоқтату Қазақ­стан­дағы ЮНИСЕФ-тің басым бағыты», деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

ЮНИСЕФ әлеуметтік жағынан осал топтардағы балаларға, мүгедек балаларға және интернат мекемелерінде тұратын балаларға ерекше назар аудара отырып, балалардың зорлық-зомбылығының алдын алу және қорғау бойынша Қазақстан Үкіметімен тығыз қарым-қатынас жасайды. 2013-2017 жылдары аралығында ЮНИСЕФ Қазақстандағы мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушылардың арасында психоәлеуметтік дағдыларын дамыту, сонымен қатар қауіп факторлары мен зорлық-зомбылық жағдайларына жауап беру тетіктерін әзірлеу үшін мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламасын жасап, сынақтан өткізді.

Ұлттық білім академиясының қол­дауымен бұл әдіс білім беру жүйе­­сінің стандарттары мен құзы­рет­теріне енгізілуде. 2018 жылы ЮНИСЕФ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрінің жа­ғым­сыз салдары және білім берудегі оң көзқарастардың маңызы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсін­ді­ру жұмыстарын бастады. 2020 жылы ЮНИСЕФ Білім және ғылым минис­тр­лі­гінің қолдауымен, Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп, оқушылар мен мұғалімдерге мектептердегі қорлау мәселесін шешуге көмектесу үшін Қазақстанның 5 өңірінде жастарды еріктілер ретінде тартады. Бүгінде 2 мың бала мен 1500 ата-анаға онлайн сабақтар өткізілді. ЮНИСЕФ мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету бойынша қажетті іс-шараларды жоспарлау­ды күшейту мақсатында балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы әкімшілік дереккөздерді талдауға бастамашылық етті. Қазақстан Үкіметі мен Президент жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ЮНИСЕФ БҰҰ агенттік­те­рімен бірлесіп, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет ету, қыздар мен әйелдердің гендерлік кемсітушілігінің алдын алу, ата-аналық дағдыларын нығайту бағдарламаларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді.

«Әр отбасының әл-ауқаты, бұл – ең алдымен, қоғамдағы тұрақтылық пен мемлекеттің табысты дамуының негізі. Бүгінгі таңда отбасы институтын, әсіресе жаһандану процесінде күшейту қажет. Қазақстан қабылдаған барлық шаралар қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға «нөл төзімділік» атмосферасын құруға бағытталған. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ олардың отбасыларын қорғаудың тұтас бағдар­ла­масын құруды тапсырды.

Қазір Ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа құралдар тізімін жасауда. Біздің міндетіміз – проблемаларды бөлек шешпей, оны жоюға мүмкіндік беретін жүйелі шараларды дайындау», деді Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова.

Айта кеткен ләзім, есепке арналған деректер 2018 және 2019 жылдар арасында жүргізілген сауалдамада жиналды, оған 155 елдің 1 мыңнан астам шешім қабылдаушыларынан жауап алынды. 2016 жылы іске қосылған INSPIRE стратегиялары заңдардың іске асырылуын және сақталуын қамта­масыз етуді; зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін нормалар мен құн­ды­лықтарды өзгертуді; балаларға қауіп­сіз физикалық жағдай жасауды; ата-аналар мен қамқоршыларға қолдау көрсетуді; кірістерді және эко­номикалық қауіпсіздік пен тұрақ­ты­лықты нығайтуды; іс-әрекет ету қызметтері мен зардап шеккендер­ге қолдау көрсету қызметтерін жетіл­ді­ру­ді; балаларға білім беру және өмірлік дағдыларды ұсынуды көздейді.