• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Маусым, 2020

Мемлекеттік қызметкерлердің жартысы - әйелдер

319 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Faceook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтармен бөлісті.

«2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күні ретінде бекіткен болатын.

Мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды табысты орындағаны үшін ағымдағы жылы 72 мемлекеттік қызметші Агенттіктің «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапатталды.

Сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін үшінші жыл қатарынан «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы өткізіліп келеді.

Осы жылы байқауға Қазақстанның әр өңірінен 761 мемлекеттік қызметші қатысты», деп жазды Агенттік төрағасы.

Байқау қорытындысы бойынша республикамыздың түкпір-түкпіріндегі мелекеттік қызметтегі азаматтар жеңімпаздар атанған.

Бүгінде мемлекеттік қызметте 89 мың адам жұмыс істейді, оның 42 мыңнан астамы өңірлерде еңбек етіп жатыр. Мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан астамы (55,7%) – әйелдер.

Жылдан жылға жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы артып келеді. Бүгінде елімізде 20 мыңнан астам жас мемлекеттік қызметкерлер бар, оның ішінде 1500-ден астамы түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде.

Өткен жылы Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырған ауқымды жобалардың бірі Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру болды.

Қазақстанда алғаш рет өткізілген іріктеу форматы еліміздің барлық өңірлерінен және одан тыс жерлердегі жас азаматтардың едәуір бөлігін тартты. Жас, білікті және жігерлі басқарушылар пулы құрылды.

Бүгінгі күні 142 резервші мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік секторда жауапты қызметтерде жұмыс істейді.

Қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі қызметшілерді кәсібилендірудің ажырамас бөлігі болып табылады.

Жыл сайын 24 мыңға жуық мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан өтеді.

Мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы арттырылды, меритократия және кадрлық тұрақтылық қағидатын сақтау көрсеткіштері жақсарды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шетелдік білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі 15% - ға өсті (2 790 адамды құрайды).

Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру кадрлардың кету деңгейін штат санынан 6% -ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Өткен жылы ішкі конкурстардың нәтижелері бойынша 7 мыңнан астам мемлекеттік қызметші мансаптық тұрғыда ілгеріледі, бұл ішкі конкурстардың қорытындылары бойынша тағайындалғандардың жалпы санынан 55% - ды құрайды.

«Мемлекеттік қызметшінің жұмысы адамнан білімділікті, жан-жақтылықты, жауапкершілік пен төзімділікті қажет етеді. Халыққа қызмет ету – құрметті мамандық.

Сіздердің әрқайсыларыңыз елді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды және ауқымды реформалады жүзеге асыруға елеулі үлес қосудасыздар.

Қазіргі уақытта, Covid-19 пандемиясының жағдайында, мемлекеттік қызметшілерге халық өмірінің барлық салаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үлкен жауапкершілік жүктелді. Осы қиын кезеңде сіздердің күнделікті жүйелі және үйлесімді қызметтеріңіздің арқасында мемлекеттік аппараттың толыққанды жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.

Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да Қазақстанның мемлекеттілігін дамытуға, демократияны, елдің экономикалық дамуын және халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге бағытталатынына сенемін.

Сіздерге елдің игілігі жолында атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін!», деді Анар Жайылғанова. 

Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт және барлық істеріңізге сәттілік тілеймін!