• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2020

Павлодар облысында 60-қа жуық жүргізуші Армениядан әкелінген көліктерін есепке қойды

106 рет
көрсетілді

2020 жылдың 1 маусымынан бастап Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу Павлодар облысы халыққа қызмет көрсетудің 4 орталығында (Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс ауданы) жүзеге асырылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысының тұрғындары Армения Республикасынан 182 автокөлік әкелсе, оның 77-сі оң рульмен басқарылады және тіркеуге жатпайды. Бүгінгі күні науқан басталғаннан бері тіркеу есебіне 58 автокөлік қойылды.

- Көлік құралдары иелеріне мемлекеттік тіркеу белгілері 14 аймақпен А әрпінің белгісі бар сары түсте берілді, - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінде. - Осы тіркеумен автокөлік иелері Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүре алады. Жыл сайын техникалық тексеруден өтіп, сонымен қатар автомобиль көлігі салығын төлейді.

Армения Республикасынан келген автокөліктің әрбір иесімен полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көлікті тіркеу ережелерін түсіндіреді.

Армения Республикасынан әкелінген автокөлік құралдарын тіркеуге қатысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша облыс тұрғындары анықтаманы Павлодар облысы ПД қызметкерлерінен Call -орталығының 33-38-06 телефон нөмірі арқылы ала алады.

Соңғы жаңалықтар