Аймақ тұрғындарына карантин жағдайында шектеу шараларын күшейту туралы үндеу жолдаған облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев "27-28 маусымда Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков, Арқалық, Тобыл қалаларында локдаун режімі енгізіледі", - деді.
Облыста эпидемиологиялық аһуал күрт құлдырап барады. Ресми мәлімет бойынша, соңғы 20 күннің ішінде 629 адам індет жұқтырған. Оның 369-ы симптомды коронавирусқа шалдыққан, ал260 адам індеттің клиникалық белгілері жоқ түрін жұқтырып, "вирус таратушылар" санатына қосылып отыр. Аймақта бүгінге дейін 192 науқас дертінен айығып, 3 адам көз жұмды.
Індеттің етек алып кетпеуін қамтамасыз ету үшін облыста 346 орындық провизорлық бөлімшелер, сондай-ақ 713 карантиндік госпитальдар жұмыс істеуде. Бұған 292 орындық инфекциялық бөлімерді қосыңыз.
"Облыста қазір 190 жасанды тыныс алу құрылғысы бар. Жуырда ғана облыс ауруханасына осындай 5 жаңа аппарат әкелінді. Маусым-шілде айларында қосымша 60 шақты аппарат келмек. Оның 35-і – стационарлық, 25-і – жедел медициналық көмек кезінде қолдануға арналған" - деді М.Жүндібаев.
Бүгінде "Ұлттық сараптама орталығының" облыстық филиалында 3 зертхана және "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасы үздіксізжұмыс істеуде. Бұл зертханаларда тәулігіне 1600-гедейін талдау жүргізіледі.
Тағы бір аса маңызды мәселе – қоғамдық нысандардағы санитарлық талаптар сақталмай отыр. "Шектеу шараларына қарамастан кафелермен мейрамханаларда банкеттер, үйлену тойлары, мерекелік кештер толастар емес. Қаладағы 2 балабақшада екі қызметшінің індет жұқтырғаны анықталды. Осыларға байланысты карантин шараларын күшейту қолға алынып отыр. 23 маусымда балабақшалардың, спорт кешендерінің, қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне тыйым салынды. Мұның сыртында 27-28 маусымда Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков, Арқалық, Тобыл қалаларында локдаун режимі орнайды.
Локдаун режімі енгізілген қала тұрғындарынаүйден жұмыс үшін, ем алуға,дәрі-дәрмек, азық-түлік, қоқыс төгуге, жеке көлікпен саяжайға баруға ғана рұқсат етіледі. Ойын-сауық және сауда нысандары, базарлар, саябақтар жабылып, қоғамдық көліктер тоқтайды. "Әр азаматтың жауапкершілігі елдегі жағдайды түзеуге көмегін тигізеді. Сондықтан, ұсынылған шараларды сақтай отырып, өзіңізді және жақындарыңызды індеттенқорғауға атсалсыңыздар", -деді М.Жүндібаев.
Қостанай облысы