• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2020

Қызылордада ұрланған көлік Қазалыдан табылды

548 рет
көрсетілді

Бүгін таңғы сағат 05:10 шамасында полицияның кезекші бөліміне Сырдария мөлтек ауданы тұрғынынан аулада тұрған "Ваз-2114"  маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлапкеткендігі туралы хабарлама түседі, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында "Самара-Шымкент" тас жолының 1509 шақырымындағы Майлыбас елді мекені тұсында ұрланған автокөлік тоқтатылды. Салондағы екі азаматтың бірі қызылордалық болса, екіншісінің Атырау облысының тұрғыны екендігі анықталды.

Ұсталғандар  Қазалы ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Айғақ зат ретінде алынған автокөлік айып алаңына қойылып, алдағы уақытта иесіне қайтарылатын болады.  

Осыдерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.