Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігі Оржехов қаласында Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған 1250 кеңес әскері жауынгерлерінің есімдері жазылған 10 мемориалды тақтаның ашылуына арналған салтанатты шараға қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оржехов қаласындағы әскери зираттың бауырлас қабірінің әскери жерлеу мемориалды тақтасында Братислава-Брно шабуыл операциясы барысында Оржехов қаласын, Чехияның Оңтүстік Моравия аумағын және жақын маңдағы елді мекендерді азат ету кезінде қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің қатарында жаңадан анықталған 37 қазақстандық жауынгердің аттары мәңгіге жазылды.