• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Маусым, 2020

Биыл 1,2 млн адам жұмыспен қамтылады - министр

230 рет
көрсетілді

Әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың қазақстандықты тарту жоспарлануда. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимінде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбекминінің басшысы ағымдағы жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 8,8 млн адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрағанын атап өтті. 

Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 миллион қазақстандық уақытша жұмыстан босатылды.

"Карантиндік шараларды жеңілдету үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде басталды, бұл кезең-кезеңімен жұмысқа оралуға мүмкіндік берді. Үкімет жұмыспен қамтуға көңіл бөліп, экономиканы қалпына келтіру бойынша қабылдап отырған шаралар ағымдағы жылдың шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандырады деп есептейміз", - деді Біржан Нұрымбетов. 

Министрдің айтуынша, жыл соңында күтілетін жұмыссыздық деңгейі 6,1% болуы мүмкін. 

Осы орайда, ол осы жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Азаматтардың көбі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде  – 600 мың адам, жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде – 255 мың адам, басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша (Нұрлы жол, Нұрлы жер, 2020-2025 жылдарға арналған ИИДМБ және т.б.) – 364 мың адам жұмыспен қамтылады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 224 мыңнан астам адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысып, олардың 185 мыңы жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында бос жұмыс орындарына 99 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 62 мың; әлеуметтік жұмыс орындарына – 13 мың; жастар практикасы бойынша – 11 мың орналастырылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) 255 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 6505 инфрақұрылымдық жоба көзделген, оның 15 мыңы тұрақты нысандарда. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты – бұл отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кем дегенде 90%-ын пайдалануды қамтамасыз ету. Жұмысшылардың кем дегенде 50%-ы Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа қабылданады. 

ЖҚЖК іске асыру болашақта аралас салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға негіз болады.