Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 7 113 адам анықталған, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Соңғы тәулікте Ресейдің 82 аймағында 7 113 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде симптомсыз науқастар саны 2278 (32,0%) құрайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, коронавирус індетіне шалдыққандар саны әлем бойынша 9,4 млн адамды құрады.