Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, Сәтбаев көшесі, 8 және Қажымұқан көшесі, 14/1 мекен-жайы бойынша Алматы ауданындағы "Нұрлы жер – 2025" тұрғын-үй коммуналдық дамуының бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көп пәтерлі тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан әкімдігі "Нұрлы жер – 2025" бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңда мердігер мекемелер анықталып, осы жылдың 20 мамырынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Мониторинг барысында тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды, ақаулар анықталып, мердігер компанияға оларды жою туралы тапсырмалар берілді. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда осы бағдарлама бойынша 50-ден астам көп пәтерлі тұрғын үй жөндеу жоспарланған.
"Жоспарланған жөндеу жұмыстары кезінде қаланың әр ауданында көп пәтерлі тұрғын үйлердің мониторингі жасалады", – дейді қала әкімдігінің "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.