• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 26 Маусым, 2020

Ерекше балалар алаңын салып берді

442 рет
көрсетілді

«Қазхром» Ұлттық компаниясы АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары жасаған балалар ойын алаңы жобасы ERG-дің Инноваторлар форумында бірінші орынды жеңіп алды. Аталған ойын алаңы Ақсу қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында орналасқан.

ERG баспасөз қызметінің хабар­лауынша, індет тараған осы бір қысылтаяң шақта да Eура­зиялық топ әлеуметтік са­ла­­дағы қайырымдылық жоба­ларын қаржыландыруды жал­ғас­­тыра береді. Мысалы, компа­ния әлеуметтік қолдау бас­та­масы арқылы ерекше ойын ала­ңын салуға 8 млн теңге жұм­сады. Дәстүрлі Инно­ва­тор­лар форумының бағдар­ла­ма­сын­дағы «Әлеуметтік жобалар» бай­қауында компания қыз­мет­кер­лері өздері тұрып жат­қан қа­ла­ның, қалаға қарасты ауыл­дық аумақтың әлеуметтік мәсе­ле­леріне арналған жобаларын ұсы­нады. Байқау шарты бойынша «Үздік» және «Ерекше» деп баға­ланған жобалар ғана жүзеге асы­рылады.

– Біз тұратын тұрғын үй кеше­ні­нің ауласы кең. Әр пәтер­ден шы­ға­тын кішкентай бала­лар да көп. Бірақ өкінішке қарай, ауладағы балалардың ойын алаңы әбден тозған еді. Әткен­шектері сынған, сыр­ғанақ­ты тот басып, тіпті орын­дықтар да қалмаған. Міне, осы мәселе ата-аналарды алаң­датып, көптің көңі­лінде жүретін, – дейді зауыт қыз­меткері Жан Азанбаев.

Жан бастаған тұрғындар ойлана келе осы жобаны қолға алды. Аула балалардың жас ерек­­шеліктеріне сай арнайы аумақ­тарға бөлінді. Сәтін салып, жоба байқауда «Үздік» әрі «Ерекше» аталымында жеңімпаз атанды. Бүгінде бұл жоба іске қосылып, жарқырап, жайнап тұр. Балалардың да, ата-аналардың да қуанышында шек жоқ. Ерекше алаң балалардың күлкісіне толып, алаңсыз ойнауларына өте ыңғайлы болды.

– Тіпті бормен сурет салуға арналған стенд, стритбол алаңы, бүл­діршіндерге арналған му­зы­ка­лық стенд пен воркаут-кешені де бар, – дейді Ж.Азанбаев.

 Тағы бір ерекшелігі, бұл отбасылық алаңға айналды: бала­лар­мен қатар ересектердің де спортпен айналысатын тренажер­лер жиынтығы орнатылды. Аумақ абаттандырылып, орын­дық­тар мен қоқыс жәшіктері, бей­небақылау жүйесі қойылды. Иә, алып кәсіпорындар өңір тұр­ғын­дары алдындағы әлеуметтік жауап­кершілігін төтенше жағ­дай кезіндегі қиындықтарға қа­ра­мастан орындауда. Биыл ERG мен әкімдік арасында топтың «Туған жері» саналатын өңірлерге жалпы құны 6,8 млрд теңгеден асатын әлеуметтік маңызды жобаларды бірлесе жүзеге асыру тура­лы меморандумдар жасалған. 2001-2019 жылдар аралығында Еуразиялық топ құйған әлеуметтік инвестициялардың жалпы көлемі 272,5 млрд теңгеден асқан. Сонымен бірге республикалық «Біз біргеміз» қорына 4,6 млрд теңге, Түркістан облысы Мақ­та­арал ауданында апаттан зар­дап шеккендерге 2 млрд теңге көле­мінде жәрдем берген.

 

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы