"Томирис" фильмі Еуропаның бірнеше мемлекетінде көрсетілетін болды. Бұл туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев Instagram парақшасында жариялады.
"Құрметті достар! Қуанышты жаңалық! Канн онлайн-кинонарығы аясында біздің Arclight Films сату-агентіміз "Томирис" кинтуындысын халықаралық көрсетілімге шығару туралы сәтті мәмлелер жасағанын хабардар етті. "Томирис" фильмі: Франция (дистрибьюторы: SND Films), Италия (Blue Swan), Испания (Art Mood), Ресей (Paradise), Румыния (Program 4 Media), Түркия (Siyah Bayez Movies), Жапония (AT Entertainment), Таяу Шығыс (Gulf Film), Оңтүстік Корея (Challan), Сингапур (Shaw) елдерінде көрсетілімге шығады.⠀Бұл біздің фильміміздің халықаралық тарихының бастамасы ғана деп сенеміз", - деп жазды Ақан Сатаев.