Руханият 26 Маусым, 2020

"Мемлекеттік тіл және БАҚ" конкурсының жеңімпаздары анықталды

414 рет
көрсетілді

Бүгін Мәдениет және спорт министрі "Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық конкурсының жеңімпаздарын онлайн режимде құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттің жан-жақты дамуына, елдің бірлігіне бұқаралық ақпарат құралдарының қосар үлесі зор. Біздің ортақ мақ­сатымыз – бір-бірімізді қолдау, бірге әрекет ету, елдің, экономиканың дамуы, әлеу­меттік саланың гүл­денуі, өмір­дің тыныштығы. Сіздер, журналистер қауымы, алтын көпір болып келесіздер",- деді А.Райымқұлова.   Биылғы жеңімпаздар қатарында:   "Үздік мақала" номинациясы   -Сімәділ Қарагөз Серікқызы, "Ана тілі" газеті, ІІІ орын, 150 000 тг.   -Бектасова Гүлзина Тұрғанбайқызы, "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газеті, ІІ орын, 350 000 тг.   -Пазылов Орынбек Өтемұратұлы, "Егемен Қазақстан", І орын, 500 000 тг.   "Үздік сайт мақаласы" номинациясы   -Әбдуәли Аян Бекжанұлы, "Elorda Aqparat", ІІІ орын, 150 000 тг. -Өрібай Аян Бекенұлы, "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігі, ІІ орын, 350 000 тг. -Ермұхамед Мәулен, "Аладоп.кз" сайты, І орын, 500 000 тг. "Үздік радиобағдарлама" номинациясы -Мансұр Нұрмат Абдуллаұлы, "Шалқар" радиосы, ІІІ орын, 150 000 тг. -Шамшейітова Айнұр Асылханқызы, "ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ" ЖШС, ІІ орын, 350 000 тг. -Гүлнұр Омарханқызы, "Шалқар" радиосы, І орын, 500 000 тг.   "Үздік телебағдарлама" номинациясы   -Қалдыбаева Гүлнұр Ғазизқызы, "Қазақстан" РТРК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалы, ІІІ орын, 150 000 тг. -Кашкинбаева Жанар Тойшановна, "Акцент" Лисаков телеарнасы" ЖШС, ІІ орын, 350 000 тг. -Құттыбеков Айбек Құттыбекұлы, "Жетісу" телеарнасы, І орын, 500 000 тг. БАС ЖҮЛДЕ – Төлебаев Дәуіржан Жұмажанұлы, "Ана тілі", 1 000 000 тг.