Нұрдаулет Қилыбай Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Президент Әкімшілігі мен Ақтау қалалық мәслихатының келісімі бойынша Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Нұрдаулет Қилыбай Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін Нұрдәулет Игілікұлы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.