• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
10 Қазан, 2013

КХДР Қытай аумағына зымыран базасын салуда

284 рет
көрсетілді

Корей Халық Демократиялық Республикасы Қытай елімен шекаралас жатқан Пэктусан тауы маңына зымыран базасын салуды қолға алды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Белгілі болғандай, бұл базаның құрылысы 2000 жылдың ортасында басталып, қазір аяқталу үстінде.

«Ол жерге бірнеше зымыран шахталары салынған. Негізі, бұл шахталардың бір бөлігі ғана қосымша қызмет атқаруы мүмкін», – деп жазады Солтүстік Корея үкіметіндегі ақпарат көзі.

Зымыран базасын салуға Пэктусан тауының маңы таңдалуы жайдан-жай емес. Өйткені, даулы мәселе туындай қалған жағдайда, алдымен Қытай елінің қауіпсіздігі ескерілетін болады.

Айдар Өрісбаев.