• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:01

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?

40 рет
көрсетілді

Биыл мамыр айында мемлекеттік және діни мерекелерге, байланысты ел тұрғындарына қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы меркелік демалыс Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне байланысты 1 мамырға түседі. Биыл бұл күн жұмаға сәйкес келіп, бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар үш күн демалады.

Келесі демалыс кезеңі Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) және Жеңіс күні (9 мамыр) мерекелерімен байланысты. 7 мамыр бейсенбіге, ал 9 мамыр сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты 9 мамырға арналған демалыс күні 11 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылады.

Сонымен қатар 27 мамырда Құрбан айт мерекесіне байланысты қосымша демалыс күні қарастырылған. Биыл бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді.

Осылайша, 2026 жылдың мамыр айында мерекелер мен демалыс күндерін ауыстыру есебінен бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар үшін жалпы демалыс күндерінің саны – 14 күнге жетеді.

Соңғы жаңалықтар