Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирустық инфекцияға байланысты бас қаланың тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
"Құрметті қала тұрғындары! Таңдау уақыты келді. Соңғы төрт ай ішінде біздің дәрігерлер күн сайын коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүр. Олар күндіз-түні жұмыс істейді, тіпті отбасыларымен бірге болуға да мүмкіндік болмайды. Олар батырлар, бірақ құдіретті күштің иесі емес», деп жазды А.Көлгінов Facebook парақшасында.
Қазір науқастардың саны көбейіп жатқандықтан, ауруханалар мен спорт нысандарына ғимараттар дайындалып жатыр. Алайда бәріне дәрігер жетіспейтіндігін атап өтті.
Сондай-ақ бүгінде елордада 3500 дәрігер мен 8000 фельдшер бар, қала халқының саны 1,2 млн. Ал қоңыраулар саны 1-ден 4 мыңға дейін өскен. Осы аптадағы ең жоғары көрсеткіш күніне 4,3 мың адамды құраған.
"Біз республикалық клиникалармен (Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Green Clinic) әр қалалық емхана үшін компьютерлік томография мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойдық. Бұл пневмонияны ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз қосымша КT және желдеткіштерді де сатып аламыз", дейді қала басшысы.
Оның айтуынша, телемедицинаны қолдану тәжірибесі әлі де жалғасын тауып келе жатыр. Коронавирустың асимптоматикалық тасымалдаушыларын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңыраулар және басқа да байланыс арналары арқылы денсаулықтарын бақылайды. Сонымен бірге инфекцияның асимптоматикалық тасымалдаушыларының барлық мәселелері бойынша кеңестер береді. Симптомдар пайда болған жағдайда науқастар ауруханаға жатқызылатындығын айтты.
Сонымен қатар Алтай Көлгінов: "Арнайы ситуациялық орталық жұмыс істейді. Онда мамандарылған қызметкерлер бір мекемеде адам толып кетпес үшін КВИ-мен ауыратын науқастарды ауруханаларға жібереді. Бұл барлық ауруханалардың жұмысын үйлестіруге көмектеседі. Барлық емханаларда Call-орталықтар іске қосылды. Мұның бәрі жүктемені азайтады. Біз COVID-19 арнайы сайтын жасадық, оның көмегімен сіз барлық қажетті ақпаратты сілтемелер арқылы және кеңестер түрінде ала аласыз. Біз оны дүйсенбіде іске қосуды жоспарлап отырмыз", дейді елорда әкімі.
Соңғы сөзінде қауіпсіздік ережелеріне жауапсыздықпен, қабылданған барлық шараларды айналып өту мүмкін еместігін айтты. Осылайша медицина қызметкерлеріне артылған ауыртпалықты одан әрі арта түсетіндігін тілге етті. Сондай-ақ адамдардың қауіпсіздік шараларына деген жауапсыздығы дәрігерлердің өмірін сақтап қалуға таңдау жасамауы керектігін нақты айтты.