• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Маусым, 2020

Американдықтар медициналық қызмет көрсетуден айырылуы мүмкін

400 рет
көрсетілді

Ақ үйдің әкімшілігі АҚШ-тың Жоғарғы Сотынан Obamacare атымен белгілі қолжетімді медициналық қызмет көрсетудің (ACA) миллиондаған американдыққа берілуін тоқтатуды сұрады, деп жазады Egemen.kz

Трамп оның тым қымбат екенін және оны басқа жоспармен алмастырғысы келетіндігін айтып, бірнеше рет бұл схеманы тоқтатуға тырысты.

Үкіметтің заңгерлері республикашылдар басқарған алдыңғы Конгресс аяқталған кезде де заң күшін жоғалтты деп мәлімдеген еді.

Қарашадағы президенттік сайлауға демократиялық кандидат және Барак Обама кезіндегі вице-президент Джо Байденнің айтуынша, бұл қадам коронавирустық пандемия кезінде миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіреді. Бұдан бөлек, 20 миллионға жуық американдықтар медициналық қызмет көрсетуден айырылуы мүмкін екенін айтты.

Құрама Штаттарда пандемия басталғаннан бері 2,4 миллионға жуық ауру оқиғалары және шамамен 125000 өлім-жітім тіркелген. Басқа елдерге қарағанда едәуір көп.