Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы, Akorda.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
Қуатов Дәурен Қасенұлына – "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторына, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;
Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына – "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасына, қазақтілді бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
Сарыбай Серік Әбікенұлына – "Жетісу" телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
Трухачев Александр Владимировичке – "Хабар" телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторына, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
Әшім Альбинаға – "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасының тілшісіне, қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;
Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына – "Хабар" телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін жариялап-көрсеткен ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;
Нұрышева Маржан Еркімбекқызына – "Semei" телеарнасының редактор-тележүргізушісіне, Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге қосқан үлесі үшін;
Смайлов Жандос Мейірбекұлына – "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің шығарушы редакторына, интернет-кеңістікте ақпаратты жариялап-көрсетуді ілгерілетуге қосқан үлесі үшін тапсырылсын;
Қазақстан Республикасы Президентінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
"Ана тілі" газетінің шығармашылық ұжымына – ұлттық баспасөздің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды ақпараттық жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін;
"Казахстанская правда" республикалық газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
"QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін жариялансын.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев