• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Маусым, 2020

"Роскосмос" неге SpaceX компаниясын сынады?

708 рет
көрсетілді

Ресейдің ғарыш саласымен айналысатын ұлттық компаниясы жақында американдықтар ұшырған Crew Dragon кораблін сынға алды,  деп жазады Egemen.kz

"Роскосмостың" басылымы "Русский космос" журналының редакторы Игорь Афанасьевтің пікірінше, бұл корабль ұшатын экипаж үшін аса бір қауіпсіз болып саналмайды екен. Оған себеп, сұйық жанар-жағармаймен жұмыс істейтін құрылғылар тікелей адам отыратын кабина жанына орналастырылғаны болып отыр.

Сонымен қатар экипаж орналасатын жердің қасында екі тоннаға жуық қауіпті жанар-жағармай құйылған ыдыстың болуы да үлкен әңгімеге өзек болуда. Онда азот пен монометилгидразин атты улы сұйық химиялық зат құйылған және ол кез келген уақытта апаттық жағдай тудыруы ықтимал екендігі ресейлік мамандар тарапынан айтылуда.

Сыналып отырған корабльдің санитарлық аумағы да аса ыңғайлы болмағандықтан ол да астронавттарға қиындық тудырады делінген.

Жалпы, қай жағынан болсын, қауіпсіздікті бірінші орынға қоятын NASA-ның бұлайша осы мәселелерге бей-жай қарайтындығы таң қалдырып отыр. Бірақ Илон Маск басқаратын SpaceX компаниясы ғарышқа адам ұшыратыннан бұрын бірнеше рет сынақ жасап барып қана осы корабльді ұшырғаны белгілі болғандықтан айтылып отырған сын негізсіз деуге болатын сияқты.

Бұл жерде мәселе әлемдік екі ғарыш державасының идеологиялық тартысынан да туындауы әбден мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.