• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Экология 28 Маусым, 2020

Еліміздің солтүстігінде 28-29 маусымда ауа райы күрт бұзылады

491 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қазгидромет" деректері бойынша 2020 жылдың 28 маусым 21:00-ден 29 маусым 21:00 аралығында ауа райы күрт бұзылады, деп жазады Egemen.kz

Түнде 29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 29 маусымда кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

29 маусым күні түнде Петропавл қаласында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Сонымен бірге тәулік бойы батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.