Семейде жол қозғалысы кезінде автокөлік жанып кетті. Бұл туралы Қалалық төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
ТЖМ ақпаратына сәйкес бүгін 28 маусым күні сағат 10:21-де 101 пультіне Бозтаев көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түседі. Артынша өрт сөндіру бөлімшесінің өкілдері келген. Жүргізуші Volkswagen Passat автокөлігімен жолда келе жатқанда көліктің қозғалтқышы, ішкі салоны және артқы багажы өртене бастаған.
"Өрттің туындау себебі автокөлік иесінің қауіптілігі жоғары қондырғыларды ұқыпсыз пайдалануынан", дейді ТЖМ өкілдері. Оқиға барысында ешкімге ешқандай жарақат я зақым келмеген.