• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Маусым, 2020

COVID-19: Әлемдегі ахуалға шолу

127 рет
көрсетілді

Жақында Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы Еуропада коронавирус жұқ­­­тыр­­ғандар саны қайта арта бас­тағанын мәлімдеді. Д­СҰ мәліметінше, күн са­йын Еуропа аймағында 20 мың­ға жуық жаңа нау­қас анық­талып жатыр. Күні­не 700 а­дам өлімі тіркеле­ді. Ал әлем елдерінде жағдай қалай?

Johns Hopkins университетінің мәліметіне сай әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асады. Бір күннің ішінде науқастар саны миллионға артқан. Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ алдыңғы қатарда. Елде 2 596 537 адам тіркелген. Одан кейін Бразилияда 1 315 941 адам коронавирус жұқ­тыр­ғаны белгілі. Үштікте көр­ші­лес Ресей де бар. Онда 627 мың­нан астам адамның вирус жұқ­тырғаны хабарланды.

Бұған дейін жағдай ушығып жатыр деген Италия үкіметі соң­ғы күндері өлім санының азай­ғанын хабарлады.

Вирустың ошағы Қытайда да жағдай орныққандай. 11 маусымнан бері науқастар саны 311-ге арт­қан. Осылайша, мемлекетте бар­лығы 83 500 вирус жұқтырған адам тіркелген.

Бразилия үкіметі  Оксфорд универ­ситетімен вакцина дайын­дауға келісім жасасқан. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау ми­нистр­лігі сенбідегі конферен­цияда мәлімдеді. Үкімет вак­цина әзірлеуге атсалысатын бри­та­н­дық AstraZeneca компания­сына 127 миллион АҚШ долларын беретінін хабарлады. Олардың жоспары бойынша, желтоқсан-қаңтар айларына дейін 30,4 млн доза дайын болуы керек. Вакцина дайын әрі тиімді болған жағдайда, көп ұзамай шаралар қолдануға бекінген.

Бұған дейін Британия үкі­ме­ті­­нің вакцина сынамасын бас­­тағаны хабарланған еді. Ма­мыр­­да 10 000 адамға вакцина са­лы­нып, нәтижесі әлі күтілуде. Вак­цина салынғандар арасында балалар мен қарттар да бар.

Ал көш бастап тұрған АҚШ-та Аризона, Флорида, Невада штаттарында жағдай тым қиын. Оңтүстік пен батыстағы штаттарда карантиннің ерте алынып тасталуы қазіргідей жағдайға алып келіп, вирустың мемлекет бойынша таралуына салдарын тигізді. Өткен жұмада науқастар саны рекордтық деңгейде өсті. Инфек­циялық аурулар бойынша сарапшы Антони Фауци мемлекеттің шаралары нәтиже көрсетпей жатқанын айтып дабыл қағуда. Ол симптомсыз тасы­мал­­дау­шылардың да жағ­дай­дың ушы­ғуына себепкер екенін айтады.

Нью-Йорк, Нью-Джерси мен Коннектикут штаттары Техас, Флорида сияқты вирус өршіп тұр­ған аймақтардан келетін аза­мат­тарға шекарасын жапты. Өйт­кені шекарадан өтпек болған аза­маттардың 13 пайызы коро­навирус тестінен оң нәтиже көр­сеткен. Сонымен қатар үкімет соң­ғы кезде бұрынғы өмір салтына қайта оралған жастардан қауіп көп екенін айтады.

Ал 310 мың науқас тіркелген Ұлыбританияда Еуропаға сая­хаттауды жоспарлап қойған туристер қарасы көп екен. Елдің турис­тік агенттіктері биыл Еуро­паға барамын деушілердің саны арт­қа­нын және олардың пан­де­мия­ға қарамастан сапарға ат­тану­ға дайын екенін айтады. Бри­­­тан­ия үкіметі 6 шілдеде ха­лық­­ара­лық әуе қатынастарына рұқ­сат бере­тінін мәлімдеген еді. Бри­тания туро­ператорлар қауым­дас­ты­ғы­ның өкілі Шон Типтон үкі­мет­тің бұл шешімді тым созып жі­­бер­ге­нін жеткізді. Жұма күні кеш­­ке сая­хаттауға болатын мемлекет­тер тізі­мі жарияланды. Оның қатарында АҚШ пен Грузия бар, ТМД елдері кір­меген. Сонымен қатар Анг­лия премьер-лигасын­дағы «Ли­вер­пуль» коман­дасының жеңі­сін той­лауға мың­даған ха­лық­­тың кө­ш­еге шық­қаны бел­гілі. Билік олар­дың әлеу­­меттік қа­шық­тықты, қор­ғану ша­ра­ларын сақтамағанын айтады.

Үндістан да вирус тез тарап жат­­қан елдердің бірі. Онда 530 мың­ға жуық науқас тіркелген. Ел­дегі дәрігерлер вирустың әлі де өрши түсетінін, шілденің со­ңы­на қарай науқастардың мил­лионға жететінін айтады. Бір ғана Нью-Дели қаласында 500 мыңға жуық науқас тіркеледі деп күтілуде. Ауруханалар­да орын болмауынан, ел­дегі қонақүйлер де науқастар қабылдауға мәжбүр. Сонымен қатар кейбір жерлерде коронавирус тестінің нәтижесі қате беріліп, елдегі науқастардың нақты саны жасырылып отыр деген күдік бар. Үндістанның ден­­сау­лық сақтау бойынша бел­­гілі сарап­шысы Анант Бан «Бір қуа­нары, елде өлім саны аз. Деген­мен вирустың таралуы дәл осылай жалғаса берсе, үкімет қатаң ка­рантин енгізіп, адамдардың үйден шығуына тыйым салады. Алдағы айларда вирустың бір­неше толқыны күтілуде», дейді.

Мамырдың басында өткен Еуро­комиссияның онлайн сам­митінде мүше мемлекеттер мен халық­аралық ұйымдардың вакцина әзірлеуге 7,4 млрд еуро аудар­­ғаны мәлім. Сенбіде тағы бір жаһандық қайырымдылық шара­сы өтіп, қаражат жиналды. Оған таны­мал жұлдыздар атсалыс­ты. Әзірге жоғарыда айтылған бри­тан­дық AstraZeneca-дан басқа үміт жоқ. Вакцина табылған жағ­дай­да да қай елдің бірінші болып алары беймәлім. Сондықтан одақ­қа мүше мемлекеттер өздері де қам­дануда. Мәселен, Герма­ния үкі­меті отандық фармацев­ти­калық ком­панияға жеке тапсырма беріп, 10 күн бұрын сынақты бастап кетті. Қытай мен АҚШ та бұл бәсекеде белсенді. Дегенмен сарапшылар вирусқа қарсы емнің жақын арада табылатынына күмәнді.

EY халықаралық консалтинг компаниясының сарапшысы Александер Нукейн мемле­кет­тердің бірнеше нұсқаны қатар қарауы мен жеке қамдануы қа­лып­ты деп ойлайды. Өйткені вак­цина табылған жағдайда мұ­ның қыруар қаржы алып келері сөзсіз. «Бұл тартыста кімнің алда келе жатқаны әлі де белгісіз. Тіпті СПИД сияқты вакцина табылмай қалуы да ғажап емес. Алайда компаниялар алғашқы болып сынама бастап, оң нәтиже алу үшін барын салуда», дейді.