• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Маусым, 2020

Биылғы 5 айда елімізде өзен көлігімен 153 мың тонна жүк тасымалданды

563 рет
көрсетілді

Қазақстанда кеме қатынасы Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндерінде жалпы ұзындығы шамамен 3 262 шақырымдық кеме қатынасы учаскелері бойынша жүзеге асырылады,-деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзен көлігі жұмысының қауіпсіздігі мен тиімділігі кеме қатынасына жасалған жағдайға тікелей байланысты.

Кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жол жұмыстарын және басқа да іс-шараларды "Қазақстан су жолдары" РМҚК жүргізеді.

Биылғы қаңтар-сәуір айларында кәсіпорын кемелер мен кеме қатынасы жағдайы белгілерін навигациялық кезеңге дайындау жұмыстарын жасады. Кеме қатынасы учаскелері бойынша навигацияның ашылуы мемлекеттік тапсырыспен белгіленген мерзімде - сәуір-мамыр айларында жүргізілді.

Ертіс өзені су қоймалары Жоғарғы Ертіс каскады деңгейлері арасында кемелердің еркін өтуі кеме жүзетін үш шлюз арқылы қамтамасыз етіледі: Өскемен (1-камералы, қысым фронтының биіктігі 42 м), Бұқтырма (4-камералы, қысым фронтының биіктігі 69 м) және Шүлбі (1-камералы, қысым фронтының биіктігі 29 м), ГЭС бөгеттерімен тең 50 км3 су ұстап тұрады.

Шлюздердің апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Биыл осы мақсатқа бөлінген 1,9 млрд. теңгенің 52 % игерілді.

Ағымдағы жылдың 1 маусымына өзен көлігімен тасымалдау көлемі шамамен 153 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда +7,8% көп.