• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 29 Маусым, 2020

Атырауда облыстық құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

711 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып Тимур Кенжебайұлы Басаров  іске кірісті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимур Кенжебайұлы 1979 жылы туған. 1994 жылы Орал құрылыс техникумын бітірген. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінен "құрылыс бакалавры" мамандығын алып шыққан. Сондай-ақ "экономика және бизнес" магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1998 жылы Орал қаласындағы өндірістік кооперативтің құрылыс шебері, құрылыс жөніндегі инженер лауазымынан бастады. 2004 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша "Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінде", 2008-2016 жылдары бас маманнан Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Осы кезге дейін  Атырау қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы болды.