Мысырдың солтүстігіндегі Александрия қаласының ауруханасында өрт салдарынан жеті адам қаза тапты. Бұл турады Youm7 газетіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, қаланың жекеменшік ауруханаларының бірінде өрт шықты. Соның салдарынан жеті науқас тұншығудан қайтыс болған. Сондай-ақ аурухананың жеті қызметкері де ауыр жарақатпен реанимацияда жатыр.
Өрттің туындау себебі электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан орын алған. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер аурухананы бақылауда ұстап отыр.