ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):1) 9-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне олардың өтініштері бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең, осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіппен өзгертілген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген соманы бөліп төлеу ұсынылады.»;
2) 33-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі 7) тармақшадағы «жер учаскесіне талап етілмейді.» деген сөздер «жер учаскесіне;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті компанияға құқықты берген кезде талап етілмейді.»;
3) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде үш жыл мерзімге беріледі.»;
4) 43-бапта:
2-тармақта:
төртінші бөліктегі «жеті» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырмасыншы бөліктегі «бес» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырма үшінші бөліктегі «бес» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
төртінші бөліктегі «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «он жұмыс күні ішінде айқындайды» деген сөздер «жеті жұмыс күні ішінде айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі «екі айға дейінгі» деген сөздер «он бес жұмыс күніне дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы бекітілген жерге орналастыру жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне бір жұмыс күні ішінде жібереді.»;
үшінші бөліктегі «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының он қорытындысы келiп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейiнгi мерзiмде» деген сөздер «бекітілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының оң қорытындысы келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «алты» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 44-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Елді мекен шегінде объект салу үшін мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін беру, осы Кодекстің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерді қоспағанда, мынадай ретпен жүргізіледі:»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды және топографияны жасау;»;
2-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініштің, келісуші органдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, сәулет-жоспарлау тапсырмасының, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың және топографияның, жер-кадастрлық жоспардың нысандарын тиісті орталық уәкілетті органдар бекітеді.»;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, ахуалдық схеманы және топографияны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.»;
жетінші бөлік «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздерден кейін «сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 47-баптың 3-тармағының бесінші бөлігіндегі «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 48-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге сәулет және қала құрылысы органдары беретін трассалар схемаларына сәйкес өздеріне меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін жеке және заңды тұлғаларға;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер учаскесін сату немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру жөніндегі сауда-саттықтардың (конкурстардың, аукциондардың) қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Хаттама негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалдау шарты орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі жұмыс күні ішінде жасалады.»;
8) 49-1-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтағы «күнтізбелік отыз күнге дейінгі» деген сөздер «он үш жұмыс күніне дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақта:
«үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, ал елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген кезде жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақта:
«бес» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты құрылыс мақсаттары үшін өзгертілген кезде жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
9) 94-баптың 2-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы нұсқама жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жер учаскесіне осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құқық ауыртпалығы жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын иеліктен шығару құқықтарын шектемейді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа құқық иеленушіге ауысады.
Нұсқама мерзімі өткеннен кейін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап қою жаңа құқық иеленушіге қойылады.»;
10) 150-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «жеті» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамыр «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
157-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үлгілік жобалар (болған кезде) қолданыла отырып жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Іске асырылуына бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органнан – республикалық бюджеттен, бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан жергілікті бюджеттен қаржыландырудың растауы жоқ бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге де жол берілмейді.».
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 123, 124-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
13-тараудың 3 параграфының, 158 және 159-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
199-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«199-бап. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама»;
24-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 244-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«244-1-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім»;
25-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 296-1 және 296-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«296-1-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылау нысандары
296-2-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі»;
2) 90-6-бап мынадай мазмұндағы 39-2) және 39-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«39-2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
39-3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторингті жүзеге асырады;»;
3) 100-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 24-9), 24-10), 24-11), 24-12) және 24-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-9) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
24-10) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
24-11) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бекітілген үлгілік нысан бойынша жасасады;
24-12) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бекітілген үлгілік нысан бойынша жасасады;
24-13) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді бекітілген үлгілік нысан бойынша жасасады;».
4) 13-тараудың 3 параграфы алып тасталсын;
5) 164-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе дербес салық төлеуші болып табылатын (қаржы ұйымдарын қоспағанда) оның филиалы;»;
6) 169-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шағын қуатты табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, тарифі тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданыла отырып бекітілген және тауарларды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері түсініледі.»;
7) 175-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, оның ішінде:
1) тауардың бұрын белгіленген бағасын арттыру арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:
тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;
тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы өзгеріссіз қалса не тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамының өзгеруі болмашы болса;
тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;
2) тауардың бұрын белгіленген бағасын түсірмеу арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:
тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар елеулі түрде төмендесе;
тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін туғызса;
тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етсе, егер бұл баға осындай тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайда сомасынан және салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайларында қалыптасқан бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.»;
8) 192-баптың 1 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет мынадай:
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
4) тиісті тауар нарығында бәсекелестік болмаған не оның даму деңгейі төмен болған;
5) қызметті бұрын құрылған мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
«9. Осы баптың 4-тармағы бірінші және екінші бөліктерінің 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларға ғана қолданылады.»;
9) 195-бап 3) тармақшадағы «мониторинг жүргізеді.» деген сөздер «мониторинг;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізеді.»;
10) 199-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«199-бап. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Хабарламаны орындау және оның орындалуы туралы ақпарат беру мерзімі мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Қосымша уақытша шығындар қажет болған жағдайда мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламаны орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, нарық субъектісінің өтінішінде хабарламаны орындау бойынша қабылданатын шаралар және хабарламаны орындау мерзімін ұзартудың объективті себептері міндетті түрде жазылады.
Монополияға қарсы орган өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде онда жазылған дәлелдерді ескере отырып, хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Хабарламаны орындауды ұзарту мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.»;
11) 203-бапта:
1-тармақтағы «жазбаша түрде» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлға ұсынатын өтінішхат және оған қосымшалар жеке тұлғаның нотариат куәландырған қолтаңбасымен расталады.»;
12) 204-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы және 8) тармақшадағы «көлемі;» деген сөз «көлемі қамтылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
13) 206-баптың екінші бөлігіндегі «жазбаша» деген сөз алып тасталсын;
14) 207-баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
15) 217-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тергеп-тексеру объектісі – өздерінің әрекеттеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке тұлға, заңды тұлға немесе дербес салық төлеуші болып табылатын (қаржы ұйымдарын қоспағанда) оның филиалы. Аталған тұлғалар тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеп-тексеру объектісі деп танылады;»;
16) 220-баптың екінші бөлігіндегі «Өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға» деген сөздер «Тергеп-тексеру объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 223-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тергеп-тексерудің жалғыз объектісі – заңды тұлға филиалы есептік тіркеуден алынған;»;
18) 24-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын:
«244-1-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
Көлік құралдарының және (немесе) олардың компоненттерінің, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) оның компоненттерінің өндірісін дамытуды ынталандыру мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасады.Көлік құралы деп ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе өзінде орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі.
Ауыл шаруашылығы техникасы деп жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі.
Көлік құралына компонент деп көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және көлік құралының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш түсініледі.
Ауыл шаруашылығы техникасына компонент деп ауыл шаруашылығы техникасы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш түсініледі.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдердің бірін жасасу Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының көлік құралдарының және (немесе) олардың компоненттерінің, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) оның компоненттерінің өндірісі саласындағы индустриялық қызметтің субъектісі болып табылатынын растау болып табылады. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-1), 24-9) және 24-10) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының мұндай келісімдер шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауын тексеруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде санамаланған келісімдердің бірінің талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган анықталған бұзушылықтар жойылмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес хабарлама жіберілген кезден бастап бір ай мерзімде келісімді біржақты тәртіппен бұзады. Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) кодтарын қоспағанда, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес СЭҚ ТН кодтары бойынша жасалады. Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бұрын жасалмаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесінің бастапқы талаптарын орындағаннан кейін жасалады, олар технологиялық жабдықты пайдалануды және мынадай шарттардың орындалуын қамтиды:1) екі ауысымдық жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жеңіл автомобильдерге қатысты – жылына кемінде жиырма бес мың, ершікті тартқыштарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты – жылына кемінде он мың, автобустарға қатысты – жылына кемінде бір мың екі жүз болатын СЭҚ ТН-ның тиісті коды бойынша жеңіл автомобильдерге қатысты – кемінде екі модельді, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде бір модельді дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және шанақты (кабинаны) құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыру;
2) жеңіл автомобильдерге қатысты – айлық есептік көрсеткіштің он сегіз миллион еселенген мөлшерінен кем емес, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
2020 жылғы 31 желтоқсанда өз күшін тоқтататын, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (көпжақты келісім) бұрын жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды орындауды қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелері орындалғаннан кейін ғана жасалады.Жеңіл автомобильдердің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімнен басқа, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірімен жасалған келісім шеңберінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімді осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарында белгіленген тәртіппен жасасуға жол беріледі.
Жасалатын, 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін күшіне енетін келісімдерге осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесінің талаптары қолданылады.
Тракторлардың, астық жинау комбайндарының және сүрлем жинау комбайндарының СЭҚ ТН коды бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-10) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес мынадай шарттар орындалған кезде жасалады:1) кәсіпорында дайындамаларды пішуді, июді, дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау жөніндегі операцияларды ұйымдастыру;
2) айлық есептік көрсеткіштің үш жүз жетпіс бес мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
Осы Кодекстің 286-бабына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге және Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобильдік көлік құралдарының және олардың компоненттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес көлік құралдарына және (немесе) олардың компоненттеріне, ауыл шаруашылығы техникасына және (немесе) оның компоненттеріне қатысты техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыруға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасында көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған жағдайда ғана жол беріледі. Осы баптың 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес келісімдер жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялардың көлемі индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін оқшаулауды бағалау жөніндегі баллдық жүйе негізінде айқындалатын болады.Оқшаулауды бағалау жөніндегі баллдық жүйе оқшаулаудың ең жоғары деңгейімен жасалған көлік құралдары бойынша жеңілдіктер мен преференциялардың ең жоғары деңгейін беруді қамтамасыз етуге тиіс»;
19) 286-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы инвестициялық жоба бойынша – арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе еркін қойма иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған кезде – көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өндірушілерге беріледі.»;
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшаның бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5) құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, машина жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын қоспағанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі жиырма алты пайыздан аспайды;
құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – машина жасау саласындағы Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі елу пайыздан аспайды.
Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды, бұған құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап жиырма жылдан аспайтын мерзімді құрайтын машина жасау саласындағы инвестициялық басым жобалар кірмейді. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.»;
6) тармақша алып тасталсын;
5-1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
20) 289-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 286-бабының 5-тармағына сәйкес келетін инвестициялық басым жобаларды іске асыратын, осы Кодекстің 286-бабының 5-1-тармағына сәйкес келетін арнайы инвестициялық жобаларды іске асыратын, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына:»;
21) 292-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен қабылданады және тіркеледі.»;
22) 25-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 296-1 және 296-2-баптармен толықтырылсын:
«296-1-бап. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының
сақталуын бақылау нысандары
Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мынадай:
1) осы Кодекстің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылған есептердi зерделеу және талдау негiзiнде жүзеге асырылатын камералдық бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектiсiне бару, оның iшiнде инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы мен талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарау нысандарында жүзеге асырады.
296-2-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының
сақталуын бақылауды ұйымдастыру мен
асыру тәртібі
Инвестициялық келiсiмшарт жасалғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешіктірмей, тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып ұсынады. Инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерiстер тараптардың келiсуi бойынша жылына екі рет енгiзiлуі мүмкін. Инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде жүргізіледі. Тексеру нәтижелерi бойынша инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның өкiлi мен инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы актіге қол қояды. Инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiбередi және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлейдi. Егер инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференцияларға байланысты кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімпұлды есепке жаза отырып, пайдаланылмаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді. Инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін екі ай ішінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есепті ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.
Егер инвестициялық келісімшартта инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы екі ай ішінде уәкілетті органға аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган белгілеген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін ұсынады.
Мемлекеттiң экономикалық мүдделерiнің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық келiсiмшарттың бұзылуы туралы ақпарат:1) тиiстi шаралар қолдану үшiн мемлекеттік кіріс органдарына және қажет болған кезде өзге де мемлекеттiк органдарға;
2) мемлекеттiк заттай грант берiлген инвестициялық келiсiмшарттар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
Инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық келiсiмшарттың қолданысы ішінде:1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктiң нысаналы мақсатын өзгертуге;
2) берiлген мемлекеттiк заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктi иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
Кедендік баждар салудан босату объектілерінің нысаналы пайдаланылуын бақылау Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;23) 323-баптың 2-тармағындағы «159-бабы 1-тармағының, 295-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының» деген сөздер «295-бабы 3, 4 және 5-тармақтарының және 296-2-бабы 1-тармағының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 127-бапта:
екінші бөліктің бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін.
Электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберіледі.»;
төртінші бөлікте:
5) тармақшадағы «байланыстың өзге де құралдары» деген сөздер «өзге де электрондық байланыс құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша қағаз жеткізгіште жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.»;
сегізінші абзацтағы «жеткізудің өзге де құралдары» деген сөздер «жеткізудің өзге де электрондық құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 128-бапта:
бірінші бөліктің он екінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмманы берген адам оны өзінің қолтаңбасымен және оның кімге және қашан берілгендігін көрсетіп, куәландыруға тиіс.
Телефонограмманың жіберілгенін растайтын құжат іс материалдарына қоса тіркеледі.»;
3) 130-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматқа жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама сотқа қайтарылуға жататын қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне қол қойғызып, оған жеке табыс етіледі.
Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама оның өкіліне немесе басқарушылық функцияларды орындайтын тиісті адамға, күзет қызметінің қызметкеріне не шақырылатын, хабарланатын тұлғаның басқа жұмыскеріне табыс етіледі, олар өздерінің лауазымын, тегін және аты-жөнін көрсете отырып, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне алғандығы туралы қол қояды.
Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, егер хабарлау мен шақырудың электрондық түрлерін жіберудің барлық мүмкіндігі таусылған жағдайда, заңды тұлғаға жіберіледі.
Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, тіпті, егер заңды тұлға көрсетілген мекенжайда болмаса да, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша оған жеткізілген болып есептеледі.»;
үшінші бөлік «адам», «сондай-ақ» деген сөздерден кейін «қағаз жеткізгіштегі» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 131-бапта:
бірінші бөлік «немесе» деген сөзден кейін «қағаз жеткізгіштегі» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «немесе» деген сөзден кейін «қағаз жеткізгіштегі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 196-баптың бірінші бөлігі «хабарлауға және» деген сөздерден кейін «күтпеген және (немесе) төтенше жағдайларға байланысты» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 198-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Істі қарауды кейінге қалдыруға:
1) егер сот осы Кодекстің 196 және 197-баптарында көзделген тәртіппен – процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп таныған;
2) осы Кодекстің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіп қолданылатын істі талқылау кезінде қатысушылар тәртіпті жаппай бұзған;
3) осы Кодекстің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен –қарсы талап қойылған;
4) осы Кодекстің 73-бабында көзделген тәртіппен қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажет болған;
5) қатысушылардың сот отырысына келуіне кедергі келтіретін не оған мүмкіндік бермейтін күтпеген және төтенше мән-жайлар туындаған жағдайларда жол беріледі.».
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 г., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар;2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-бапта:
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ осы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы міндетті түрде банктік шот ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.»;
мынадай мазмұндағы он төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік шот ашудан бас тартуға құқылы.».
«Өндірістік кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 20-І, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 11-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі «Кодексте» деген сөз «Заңда» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 15-бапта:
2-тармақтың 10) тармақшасындағы «тексеру комиссиясының» деген сөздер «ревизиялық комиссияның (ревизордың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «тексеру комиссиясының» деген сөздер «ревизиялық комиссияның (ревизордың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тексеру комиссиясының» деген сөздер «ревизиялық комиссияның (ревизордың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-баптың 4 және 5-тармақтарындағы «Тексеру комиссиясы» деген сөздер «Ревизиялық комиссия (ревизор)» деген сөздермен ауыстырылсын.
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
92-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер тұрақсыздық айыбы (өсімпұл), пайыздар тиесілі болса оларды өндіріп алу, банк заемдарын қоспағанда, борышкер орындалмаған міндеттемені жазбаша мойындаған кезде атқарушылық жазба негізінде жүргізіледі.
Атқарушылық жазбаны жасау, егер шартта тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алудың өзге тетігі көзделмесе, борышкер орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындаған кезде, орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындау фактісін нотариус растаған кезде жүзеге асырылады.».
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат):
1) 17-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында лажсыз жағдайларды шешу тәртібі қамтылуы мүмкін.»;
2) 60-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы серіктестіктің барлық қатысушыларына:
1) сотта корпоративтік дау жөніндегі істің қозғалғаны туралы;
2) серіктестікке қатысушының лажсыз жағдайды шешудің кез келген тәртібіне бастамашылық жасағаны туралы ақпарат беруге міндетті.».
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 13, 41-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 53-құжат; 2019 ж., № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коммерциялық емес ұйымның қызметi коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған немесе өзінің жарғысында айқындалған қызметтiң нысанасы мен мiндеттерi шегiнен шығатын әрекеттердi күнтізбелік бір жылдың ішінде екі және одан көп рет жасаған жағдайларда прокуратура органдарының ұсынуы негiзiнде сот шешiмiмен үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.».
«Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
4-1-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
30-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30-1) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі – кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған, жаңа объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің, үлгілік жобалардың және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың электрондық архиві;»;
мынадай мазмұндағы 30-2) тармақшамен толықтырылсын:
«30-2) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі – мемлекеттік инвестициялар) – жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі мыналар болып табылады:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бағытталған нысаналы қаражат;
мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
концессиялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаражат;»;
39-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39-1) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу, құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру жөніндегі мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
40-1) тармақша алып тасталсын;
61-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«61-2) үлгілік жоба – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін, жобалау кезінде одан әрі бірнеше рет қолдануға арналған жобалау-сметалық құжаттама;»;
мынадай мазмұндағы 61-3) тармақшамен толықтырылсын:
«61-3) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;»;
2) 20-бапта:
6-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-4) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
6-5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-13), 11-14), 11-15), 11-16) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-13) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;
11-14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және әдіснамалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;
11-15) әзірленген және бекітілген қала құрылысы жобаларының (шағын елді мекендер бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасының – егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының, дамыту және құрылыс салу схемаларының) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
11-16) инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«15-2) қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
23-16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23-16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді ұйымдастыру, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, олардың күшін жою);»;
мынадай мазмұндағы 23-30) тармақшамен толықтырылсын:
«23-30) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
3) 33-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден және екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстар салу;»;
4) 60-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келiсу бойынша тапсырыс беруші (меншiк иесi) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларынсыз нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:
1) екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды;
2) жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды тұрғызуды;
3) алаңішілік байланыс желілерін салуды;
4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды;
5) контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендерді, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды;
6) төтенше ахуал және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды;
7) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпсіз уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру тіректерін, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды;
8) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды;
9) автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтарды, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждарды салуды;
10) желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді;
11) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақты қоршауды;
12) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар (құрылысжайлар) маңында тас төсеніштер төсеуді;
13) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды;
14) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды;
15) жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды;
16) тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);
17) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлауды (қайта жабдықтауды);
18) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды;
19) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды;
20) усадьба үлгісіндегі тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды;
21) жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждауды жүзеге асыра алады.»;
5) мынадай мазмұндағы 63-1-баппен толықтырылсын:
«63-1-бап. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі
Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады. Мемлекеттік сараптама ұйымы құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен мемлекеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруді жүзеге асырады. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген сәулет туындыларына мүліктік (айрықша) авторлық құқықтар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен реттеледі.»;6) 64-1-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «осы баптың 4-тармағында» деген сөздер «осы Заңның 60-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген техникалық жағынан күрделі емес объектілер міндетті сараптамаға жатпайды.»;
7) 64-4-баптың 1-тармағы 2) тармақшадағы «жөндеу үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама жатады.» деген сөздер «жөндеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама жатады.»;
8) 68-баптың 12-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте энергия беруші ұйымдардың кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын өздерінің желілеріне технологиялық қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағаны туралы хабардар етуі талап етілмейді.»;
9) 74-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген, құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi пайдалануға қабылдауды өзі дербес жүзеге асырады.
Егер осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген үй-жайларды (үйдiң жекелеген бөлiктерiн) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделi емес санамаланған объектiлердi салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтiрсе не мемлекеттiк, қоғамдық және (немесе) жеке мүдделерге қайшы келсе, осы баптың нормаларын қолдануға болмайды.»;3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне қолданылмайды.».
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 123-құжат):
5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайлары, құрылғылары мен элементтері кірме жолдың бөлінбейтін бөлігі болып табылады.».
«Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 12, 117-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат):
17-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
«Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37-құжат; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершiлiгіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерiн жарнамада көрнекi немесе дыбыстық пайдалануға;».
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 119-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
«22-2) деректерді біріктіру – ақпаратты өңдеу және оны иесіздендірудің жүргізілуі орын алатын жалпылама түрде беру процесі. Біріктірілген деректерді байланыс операторы есептілікті қалыптастыру, талдау мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін пайдаланады;»;
2) 15-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Қызметтік ақпаратты сақтау Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының шетелде жүрген абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, қызметтік ақпаратты және біріктірілген деректерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге беруге тыйым салынады;»;
3) 29-баптың 4-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2. Ғимараттар мен құрылысжайлардың меншік иелері не олардың сенім білдірілген адамдары байланыс операторларына көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында олардың телекоммуникация жабдығын орналастыруы үшін шарт негізінде оларға алаңдарды тең жағдайларда беруге міндетті.
Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналыста байланыс операторларына көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында олардың телекоммуникация жабдықтарын орналастыруы үшін кондоминиум объектісінің ортақ пайдаланудағы мүлкін тең жағдайларда беру туралы шешім қабылдайды.».
«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге арналған рұқсаты не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге арналған рұқсаты;»;
2) 3-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімінің болуы;»;
3) 5-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы;»;
4) 16-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны және (немесе) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды ұсынуды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық әрi анық ақпаратты талап етуге;»;
5) 19-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер:
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен және өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға;
2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларындағы талаптарды орындауға міндетті.»;
6) 23-баптың 1 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер – мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру және кредиттік есептерді алу талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттарда айқындалады.»;
«5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге алған келісімдерін есепке алуды жүргізеді.»;
7) 25-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімі және (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.»;
«3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімінің болмағаны үшін, сондай-ақ оны дұрыс ресімдемегені үшін ақпарат беруші, кредиттік есепті беру туралы сұрау салған кредиттік есепті алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапты болады.»;
8) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) ақпарат беруі, сондай-ақ кредиттік бюролардан кредиттік есептерді беруі үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімі негіз болып табылады.»;
9) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюромен мемлекет қатысатын кредиттік бюро мемлекеттік тіркелген және (немесе) ақпарат берушілер осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған белгілерге сәйкес келген күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру туралы шартта айқындалған мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға құқылы.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өзге кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарт жасасуға міндетті.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін міндетті түрде алуы;».
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-ІІ, 124-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 70-39) және 70-40) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-39) энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«70-40) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді.».
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 152, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 23, 99, 106-құжаттар):
25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар салынып жатқан (салынуы болжанып отырған) объектілер мен кешендердің мониторингіне қатысуға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тартуға тиіс.».
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 23, 106-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасындағы «заңды» деген сөз «жеке немесе заңды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдап отыру жөніндегі жеке немесе заңды тұлғаларды айқындайды;»;
3) 12-баптың 8) тармақшасындағы «заңды тұлғаларды» деген сөздер «жеке және (немесе) заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 3-1) тармақшасындағы «заңды тұлғаларды» деген сөздер «жеке және заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 17-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурсты ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай төлемақы алады.»;
«5. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізеді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы олардың дереккөзін көрсетпестен, осы кездесу барысында ұсынылған конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама дереу комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге жіберіледі.»;
6) 20-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі «заңды тұлғаларды» деген сөздер «жеке және (немесе) заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі «құқықты» деген сөзден кейін «(құқық ауыртпалығын)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық иеленушіні сәйкестендіретін деректерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған күні) қоспағанда, жеке тұлғалар туралы ақпаратты ашатын мәліметтерді (дербес деректерді) ұсынуға болмайды.»;
3-тармақтың 8) тармақшасы «құқық иесінің» деген сөздердің алдынан «егер осы баптың 3-1 және 3-2-тармақтарында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық ауыртпалығы туралы ақпарат жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша беріледі.
3-2. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке заңды тұлғалардың тіркелген құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) және тіркелген ауыртпалықтар, жылжымайтын мүлік объектісіне заңдық талаптар туралы ақпарат кез келген тұлғаға сұрау салу негізінде беріледі.»;
3) 20-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Электрондық тіркеу құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде туындаған, өзгерген немесе тоқтатылған жағдайларда, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу нотариат куәландырған мәміле, мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде мынадай тәртіппен жүргізіледі:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізілуі мүмкін.»;
4) 22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) электрондық тіркеу мәмілеге қатысушылардың өтінішінсіз жүзеге асырылады.»;
5) 31-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы нұсқама түрінде ауыртпалық тіркелген жер учаскесіне құқықтың ауысқанын;».
«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мәмілеге қатысушылардан, мемлекеттік органдардан және үшінші тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нарықтық баға мен дифференциалды айқындауға қажетті ақпаратты, сондай-ақ мәмілелерге мониторинг жүргізу үшін басқа да деректерді сұратуға;».
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106-құжаттар; № 24-I, 118-құжат):
1) 57-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті өзінде қалдыру туралы мәлімдеуге құқылы. Бұл жағдайда ол кепілге салынған мүліктің өтімді (бағалау құнының жетпіс пайызынан аспайтын) құны шегінде кепіл ұстаушының талаптары алдында артықшылығы бар өндіріп алушылардың талаптарын кепіл ұстаушының кепіл бойынша өзінің барлық талабын толық қанағаттандыру үшін қажетті мүлік құнынан асатын құн мөлшерінде қанағаттандыруға міндетті.»;
3-тармақ алып тасталсын;
2) 138-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу;».
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-73) тармақшамен толықтырылсын:
«41-73) әуежай аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 65-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «әуежайды пайдаланушымен» деген сөздерден кейін «әуежай аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларына сәйкес жасалатын» деген сөздермен толықтырылсын.
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
133-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тиісті тауар нарығында бәсекелестік болмаған не даму деңгейі төмен болған;».
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат):
1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;».
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оңалту жоспарын келісу кезінде кредиторлар жиналысы оған мүдделері осы жоспарда қозғалған, талаптары екінші және төртінші кезектер құрамында жеке қанағаттандырылуға жататын кредиторлардың дауыс санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты болады.»;
2) 99-баптың 2-тармағының екінші және төртінші бөліктері алып тасталсын.
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 15-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекітеді;»;
2) 94-баптың 10-тармағындағы «заңды» деген сөз «жеке және заңды» деген сөздермен ауыстырылсын.
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
38-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде уәкілетті органға хабарлау талап етілмейді.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы «бақылау бекеттерін орналастыруға» деген сөздерден кейін «, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салуға» деген сөздермен толықтырылсын.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-II, 120-құжат):
1) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылау біліктілік және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерде өтініш берушіге бару қажеттілігі болған жағдайда бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібімен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сай келуі немесе сай келмеуі туралы қорытынды жасалады.»;
2) 1-қосымшаның 12-жолының 3-бағанындағы «(стандарт атауын көрсете отырып)» деген сөздер алып тасталсын.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
37-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ұсынылған конкурстық құжаттамасы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай төлемақы алады.»;
«6. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізеді.».
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының екінші бөлігіндегі «11),» деген цифрлар алып тасталсын;
2) 9-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жұмыс тәжірибесінің болуы (әлеуетті өнім берушіде лицензияның және (немесе) рұқсаттың болуы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып танылатын жағдайларды қоспағанда).».
«Cот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 1-2, 2-құжат; № 8, 16-құжат):
1) 13-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Сот-сараптама қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
Лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 14-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел немесе күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзған;»;
3) 19-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;».
«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат; 2019 ж., № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 123-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
7-2) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
7-3) қызметтер көрсету регламенттерін үлгілік регламентке сәйкестігі тұрғысынан келіседі;
7-4) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 24-бапта:
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу осы Заңның 24-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосуды қоспағанда, мынадай кезеңдерден тұрады:»;
1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәулет-жоспарлау тапсырмасын, топографияны дайындау кезінде сәулет және қала құрылысы органы қалыптастыратын және электрондық нысанда табиғи монополия субъектісіне жіберетін, техникалық шарттарды беруге өтініш;
2) табиғи монополия субъектісінің сәулет және қала құрылысы органының техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға өтінішін қарауы;
3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы органына жіберуі;
4) сәулет және қала құрылысы органдары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасымен және топографиямен бірге жүзеге асыратын, техникалық шарттарды беруге өтінішті қарау нәтижесін беру;»;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «Осы баптың 6-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, табиғи» деген сөздер «Табиғи» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға өтінішті қабылдау астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда электрондық нысанда ғана жүзеге асырылады.»;
екінші бөліктегі «Осы баптың 6-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, табиғи» деген сөздер «Табиғи» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
9 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтінішті табиғи монополия субъектісі құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы қайтарады.»;
«11. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтініш осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қаралады, оны қараудың қорытындылары бойынша табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық шарттарды береді;
2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Техникалық шарттарды монополистердің тікелей түзетуіне жол берілмейді.»;
3) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты
200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларының
энергия беруші ұйымдардың электр
желілеріне қолжетімділігі
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш беруі;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосу шартын жасасу және орындау.»;
4) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) үлгілік шартқа сәйкес астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын электрондық нысанда ғана жасасуға;».
2-бап.
Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және он екінші абзацтарын, 2) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын және 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 18) тармақшасының жиырма бірінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде аталған абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:«9. Осы Кодекстің 286-бабына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге және Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобильдік көлік құралдарының және олардың компоненттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес көлік құралдарына және (немесе) олардың компоненттеріне, ауыл шаруашылығы техникасына және (немесе) оның компоненттеріне қатысты техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыруға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасында көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болған жағдайда ғана жол беріледі.».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 29 маусым
№352 –VI ҚРЗ