• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2020

Шу ауданының өрт сөндірушілері қызыл жалынды ауыздықтады

562 рет
көрсетілді

Бүгін 30 маусым түнгі сағат 01:44-те Шу ауданының Шоқпар темір жол стансасында цистернаның аударылуынан өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өрттің туындау себебі екі вагон цистернасы (бір вагон 60 тонна бензин және бір платформалы контейнер) "Алматы-Ақтоғай" бағытындағы №2950 жүк пойызының) бүйіріне аударылып, мұнай сұйықтығы төгілген. Кейін өрт тұтанып, аумағы 600 шаршы метрді және 75 метр темір жол төсемін зақымдаған. 

Оқиға орнына дереу Жамбыл облысы, Төтенше жағдай департаментінің басшысы Бағдат Данилов және Өрт сөндіру қызметінің басшысы Ермек Момбаев келді. Шу, Алайғыр, Эспе темір жол стансаларындағы жолаушылар пойызын кідірдіп, жақын маңайда тұратын 10 тұрғын үйден 42 адамды оқшауландырды. Өртті тек 05:20 сөндірді.

Сонымен бірге Шу ауданының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің жеке құрамындағы алты қызметкер мен екі бірлік техникасы өртті сөндірді. Екі құрылым қызметкерлернің ұтқыр әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында тұрғындарға қауіп төнген жоқ.