• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 30 Маусым, 2020

Асқар Мамин елдегі цифрландыруды дамытуды тапсырды

152 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне Цифрлық даму министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп "цифрлық білім беру" бағдарламасының ауқымды іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Цифрлық дағдыларға оқыту, ІТ-мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламалар әзірлеу қажет. Аймақтық университеттер мен колледждерге IT-мамандарды даярлау бойынша алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының тәжірибесін масштабтау керек. "Астана" халықаралық қаржы орталығының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеру және жаңа кәсіби стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмысты жандандыру міндетті", - деді А.Мамин.

Сондай-ақ Үкімет басшысы цифрлық даму министрлігіне "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар кешенін әрі қарай дамытуды және байланыс операторларымен бірлесіп отандық білім беру ресурстарына шектеусіз қолжетімділікті қамтамасыз етуді пысықтауды тапсырды.

"2025 жылға қарай халықтың сандық сауаттылық деңгейін кемінде 87 пайызға жеткізу және өңірлер үшін бірыңғай жұмыс алгоритмін жасау қажет", - деді ол.

Бұдан басқа, Үкімет басшысы өңірлер әкімдіктеріне заманауи компьютерлік жабдықтарды, робот техникасы кабинеттерін және цифрлық оқыту талаптарына сәйкес мектептер үшін ғылыми – техникалық оқытудың STEM-жаңа әдіснамасын қосымша сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырды.